Атырау, 27 қараша 14:39
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Жайыққа қарай өте алмай...

2 661 просмотра

Атырау тұрғындарының өзен жағасына шығатын жер таба алмай, дал болатыны жасырын емес. Баршаға белгілі, жағалау аймағындағы жайлы жерлерге үлкен коттедждер салынып, айналасындағы барлық аумақ, оған қоса өзен жағасы да жаңа үй иесінің иелігіне өтеді...

Жақында облыс прокуратурасы жалпы құны 702 миллионтеңге тұратын8 мың гажердімемлекет меншігіне қайтарды. Атырау облысы прокурорының орынбасары Бауыржан САУҒАБАЕВТЫҢ айтуынша, жерді пайдалану саласында ең өрескел заң бұзушылықтар өзен жағасындағы жер телімдерін берудежіберілген.Мәселен, қалаға Жилгородок маңындағы Жайық су қорғау белдігінде орналасқан ауданы 3,5гажер телімі, сондай-ақ, Х. Досмұхамедов атындағы университет маңындағы 4,1гажер қайтарылды.

КӨРШІЛЕР МАЙДАНҒА ШЫҚТЫ

Айта кетсек, осындай оқиға Балықшыда да болған еді, алайда, әзірге бұдан еш оң нәтиже шыққан жоқ. Байжігітов көшесі тұрғындарының бірі Сисенбай Жиенқұлов мырза бірнеше жылдан бері жаға бойымен оның жеке меншік аумағы арқылы өткісі келетін көршілерімен дауласып жүр. Жиенқұловтың үйі жағалауда орналасқан, тек соның жер телімі арқылы өзенге өтуге болады.

Бір кездері адамдар жағалауға шығудан да қалған – тұмылдырықсыз стаффордшир терьері иесінің аумағын күзетіп, бос жүрді. Дуал сыртына қабаған ит туралы ескерту ілінді. Алайда, Балықшы тұрғындары да осал емес: күндердің күнінде қабаған ит із-түзсіз жоғалып кетті.

Қырсық көрші балалар арбасы мен велосипед тебушілерді өткізбейтін кедергілер салғанда жағдай одан сайын ушығып кетті. Содан кейін су қорғау аймағы болып саналатын жерді темір дуалмен қоршай бастады. Жанжал жұдырықтасуға дейін барды, әрине, бұл оқиға бойынша жергілікті учаскелік инспектор хаттама толтырды. Бұл жолы көршілердің ашуын үй иесінің жағаға өтетін жол бойына тал шыбықтарын егіп қоюы туғызған еді. Жол бітегенімен қоймай, бұл талдарды бүкіл көшеге су беріп отырған су құбырының үстіне отырғызыпты.

«АтырауСуАрнасы» өкілдері тұрғындардың шағымдарын дер кезінде қарап, көшеттерді тыйым салынған жерге егіп, ҚНжәнеЕ талаптарын бұзғанын анықтады. Тал тамырлары құбырларды бүлдіріп, апатқа себепші болу мүмкін еді.

- Иә, бұл менің аумағым емес, - деп мойындады Жиенқұлов мырза әңгіме барысында. – Алайда, жақын әзірде мен бұл жерлерді жалға алуды жоспарлап отырмын, сол кезде осы өткелді заңды түрде шарбақпен қоршаймын. Бұл жерде мотор-қайық станциясы жұмыс жасайтын болады.

Байжігітов көшесі тұрғындары барлық құзыретті органдарға сұраныс жіберді. Біраз уақыт өткеннен кейін оларға жауап келе бастады. Хаттардың мазмұнынан биліктің бұл жағдайда еш нәрсе жасауға қауқарсыз екені анықталды. ҚР Президентінің 2014 жылғы 27 ақпандағы №757 «Кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайларды жақсарту бойынша түбегейлі іс-шаралар туралы» Жарлығына сәйкес, 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін барлық тексерулерге тыйым салынған.

«...Инспекцияның тексеру жүргізуге құқығы жоқ», - деп жауап қайтарды Атырау облысы бойынша жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеттің аумақтық жер инспекциясы. Табиғат қорғау прокуратурасынан да осындай жауап келді. Ал Жайық-Каспий бассейні су ресурстарын пайдалануды және қорғауды реттеу инспекциясының басшысы Бисен ҚУАНОВТЫҢайтуынша, елдегі бассейндік инспекцияларды тіркеу жұмыстарына байланысты оның ведомствосында барлық жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер тоқтатылған.

Қазір Жиенқұлов шағын өткел ашып қойды, алайда көршілеріне және маған ескерту жасады: «Ашып қоямын. Уақытша. Осы аумақта құрылыс жүргізу үшін. Кейін жабамын. Бұл жер қыдыратын жер емес, станция жұмыс жасайды».

Дегенмен, Байжігітов көшесі тұрғындары өздерінің бұл істі әрі қарай жалғастыратындарына сенімді. «Біз президент жарлығының әрекет ету мерзімінің аяқталуын күтеміз, содан кейін тағы да тексеру жүргізуді талап етеміз», - дейді олар.

Ал, көрші болса, су қорғау аймағын ұзақ мерзімге жалға алу құжаттарын дайындап жатыр.

РЕЖИМДІ ЖАҒАЛАУ

Атырауға іссапармен келген күзетілетін тұлғалар тұруға арналған резиденция жағаға жақын жерде орналасқан. Оның аумағы адамдардың үлкен тұрғын үй массивтерін айналмай-ақ, баратын жерлеріне тура жетуіне мүмкіндік беретін жүргіншілер жолын бөгеп жатыр.

2012 жылмен салыстырғанда 2013 жылы жер қатынастары саласындағы заң бұзушылықтар 4,5 есеге артқан. Прокуратураның талап-арызымен жеке және заңды тұлғаларға жер заңнамалары талаптарын сақтамай берген 46 жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды. Көп жағдайда жер телімдері үшін ақша кадастрлық құны бойынша төленіп, кейін нарық құнымен сатылған.

Қоғам белсендісі Макс БОҚАЕВТЫҢ осы мәселе жөнінде жазған хаты ҚР Президенті істері жөніндегі басқармаға дейін барып, жергілікті органдарға қайтып келді. Астана қарсы емес сияқты, алайда қала әкімдігі резиденцияның қауіпсіздігі жүргіншілер мүдделерінен маңыздырақ екендігін анық түсіндірді. Режимдік аумаққа өзге адамдардың кіруіне тыйым салынады.

Қоғам белсенділерінің өткелді жылына екі-үш рет келетін аса маңызды қонақтар жоқ кезде ашып қою керек деген дәлелді уәждерін де жергілікті билік қабылдамады.

- Шенеуніктер өз қателіктерін мойындауды ұнатпайды, - дейді М. Боқаев. – Сотқа шағымдану керек деп ойлаймын, жер заңнамалары өзен жағалауларын бітеуге тыйым салады. Егер Астанада болсаңыз, қараңыз, тіпті, Ақорданың маңындағы жағалау ашық тұр, адамдар еркін жүре береді. Полицейлер көп бола берсін. Біздің бірбеткей бастықтар өздерін Назарбаевтан да күштіміз деп ойлайтын болар.

Анастасия ПАСТУХОВА

28 тамыз 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.