Атырау, 27 қараша 13:27
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Әкімнің екі жылы

1 747 просмотра

15 тамыз күні облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ облыс активінің алдында екі жылғы жұмысының есебін берді.

ӨЗ ОРНЫҢДЫ БІЛ

Соңғы 2 жылда жалпы аймақтық өнім (ЖАӨ) 3,2-ден 3,6 трлн теңгеге дейін өсті. Ағымдағы жылы ЖАӨ-нің өсімі 4 трлн теңгеге дейін жетеді деп болжанып отыр. 2013 жылы халықтың жан басына шаққандағы қайта есеп - 6,4 млн теңгені (35 000 доллар шамасында) құраса, биыл 6,6 млн теңгеге дейін өседі деп күтілуде. Облысымызда орташа жалақы, егер статистикаға сенсек, бүгінгі күні 214 мың теңгеге тең. 2013 жылы облыс салықтың рекордтық сомасын жинады - 2 трлн теңгеден астам, ал ағымдағы жылдың 7 айлық қорытындысы бойынша қазірдің өзінде 1 трлн 458 млрд теңге жиналған.

ТАҚЫРЫП ӘЛІ ДЕ ӨЗЕКТІ

Бұрынғы облыс әкімінің отставкасынан кейінгі екі жылдан соң 38 нысанның құрылысы тоқтатылды. Олардың 9-ының мәселесі жергілікті деңгейде қаралды – Өрлік, Көктоғай, Жарсуат, Бөдене, Бұқар, Елтай, Есбол, Индербор ауылдарындағы «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша жүргізілген құрылыс пен модернизация жұмыстары аяқталды. Биыл 17 нысанның құрылысы аяқталады, олардың ішіндегі 14 нысанның құрылысы да «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша жүргізілген. Бұған мемлекеттік резервтен 1,1 млрд теңге және жергілікті бюджеттен 1,5 млрд теңге бөлінуде. Қалған 12 нысанның ішіндегі 8-інің тағдыры әлі шешілген жоқ. 

ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУДЫҢ ҚАРҚЫНЫ

Индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарлама нысандарының саны 22-ден 44-ке дейін екі есе артқан. Сәйкесінше инвестицияның сомасы да өсті: 2012 жылғы 63,7 млрд теңгеден 1,5 трлн теңгеге дейін. 44 нысанның 28-і құрылысқа енгізілген, 2 131 адам жұмысқа қабылданған, 26,2 млрд теңгеге өнім өндіріліп, 4,1 млрд теңге салық төленген. 28 нысанның 20-сы жоспарлы қуатқа шықты, қалғандары жылдың аяғында шықпақ. Сондай нысандардың бірі - «Үй салу комбинаты». ҚР - РФ шекаралық ынтымақтастығының форумын өткізу жоспарланып отырған «Салтанат сарайы» құрылысына осы комбинат шығарып отырған материалдар қолданылуда. 

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Облыста қуаттылығы жылына 2 800 тоннаға дейінгі құс етін, сондай-ақ  50 млн дана жұмыртқа өндіретін құс фабрикасы құрылысының 4 жобасы жүзеге асырылуда, биыл күзде алғашқы 10 тонна қаз еті дүкендерге түсуі тиіс.

«Бірінші мамыр» сүт фермасы үшін АҚШ-тан 500 асыл тұқымды сиыр сатып алынған. Жылдың аяғында ферма 7,2 мың тонна сүт және сүт өнімдерін шығарады деп күтілуде. Тағы бір «Алға» сүт фермасы жылына 400 тонна сүт, айран, қымыз, шұбат шығаруда, мұның бәрі Атырау дүкендерінде сатылуда.

Бұдан соң әкім еліміз үшін керемет деп атаған өндіріс жөнінде ерекше мақтанышпен айтып өтті. Тек қана Атырау облысында ешкі сүтінен сүт өнімдерінің 12 түрі, соның ішінде йогурт, сүзбе, қаймақ, ірімшік шығарылады. Ферма жылына 320 тонна сүт және сүт өнімдерін шығаруы тиіс. Келесі жоба – түйе және қой жүндерін қайта өңдеп, трикотаж өнімдерін өндіретін фабрика. Жоба құны – 600 млн теңге, қуаттылығы жылына 100 тонна түйе жүні мен 350 тонна қой жүнін шығарады. Ал үшінші жоба – тауарлы-бекіре фермасы. Жоба құны - 491 млн теңге.

Тамшылатын суару әдісімен суарылатын картоп егістігіның алаңы үш есе үлкейген. Бұл әдіс өнімділікті бірден көбейтуге мүмкіндік береді: егер қарапайым суару әдісі кезінде гектардан 10-12 тонна картоп жиналса, тамшылатып суару кезінде - 40-50 тонна жинайды.

Биыл көкөністерді қайта өңдеу және қалбырлау зауытының құрылысы аяқталуда. Келесі жылы бізде қалбырланған өнімнің 25 мың банкасы шығарылады.  

Облысымыздағы тағы бір жаңа жоба – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушінің бағасымен тікелей сататын коммуналдық базардың құрылысы. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

18 тамыз 2014, 12:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.