Атырау, 11 желтоқсан 14:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Дүрбелең тудырған аптап

2 535 просмотра

Техниканы несиеге де, қолма-қол ақшаға да сатып алуда, - деп әңгімеледі «NEO Азия» ЖШС («Технодом» дүкені) операторы Мөлдір НҰРСҰЛТАНОВА.

Өткен аптада салқындатқышқа деген сұраныстың салдарынан осы дүкеннің сатушыларының басқа техниканы сатып алушыларға қызмет көрсетіп үлгермей жатқанын көзіміз көрген еді. Клиенттер екінші қабаттағы сауда залында сатушыларды іздеп шарқ ұрып жүрді. Сол кезде сату бөлімінің супервайзері Анастасия ДИН қызметкерлердің бір бөлігі сол күні демалыста екенін, ал қалғандарының салқындатқыш сатып алушылардан босамай жатқанын түсіндірген еді. Дәл сол күні дүкенге салқындатқыш техниканың жаңа партиясы әкелінген. Алайда сатып алған бұйымдарын бірден алып кетпей кірер ауызды бөгеп тастаған тұтынушылар бұйымдарын «Атаба» Сауда үйінің холлына  орналастырған жайттар да болған (суретте).

Атыраудағы«Планета электроники» ЖШС-нің коммерциялық директоры Раджи ӘДІЛОВ салқындатқыштарға маусымдық сатылымның өткен жылмен салыстырғанда 30-40 пайызға көбейгенін атап өтті. Оның айтуынша, ыстықта адамдар сөрелерде тұрған техниканың бәрін: 40-тан 200 мың теңге аралығындағы сплит-жүйелерді және 18-ден 33 мың теңгеге дейінгі терезеге орнататын салқындатқыштарды сатып алған. Сервис орталығы қызметінің құны, Р.Әділовтің айтуынша, өткен жылдың деңгейінде қалыпты. Ыстықтың беті қайтқан дүйсенбіден бері дүрлігу де саябырсыпты. Ұзаққа барар ма екен...

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген автор

14 шілде 2011, 17:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.