Атырау, 27 қараша 12:27
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +4
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Сөз бердің бе – орында

1 787 просмотра

Александр БЕЛЫЙ.Александр БЕЛЫЙ.«Атырау» қонақ үйінің конференц-залында «ТКШ-дағы қуат тиімділігі, құрылыс және жарық беру» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шараны БҰҰ Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ), Қазақстанның ТКШ және құрылыс ұлттық палатасы және облыстық әкімдік ұйымдастырды. БҰҰДБ жобаларының үйлестірушісі Александр БЕЛЫЙДЫҢ айтуынша, Қазақстанда жалпы ішкі өнімнің қуат қолданысы әлемдік орташа деңгейден 2,7-3 есе жоғары. Бұл әлемдік нарықтағы жергілікті тауарлардың бәсекеге қабілеттілігіне әсер етеді. Бұрынғы КСРО-ның көптеген республикаларында осындай жағдай қалыптасқан. Ал осы көрсеткіштер бойынша Швейцария, Жапония, АҚШ және Финляндия елдері алда келеді.

- Көптеген адамдар біздің экономикамыздағы қуат қолданысының жоғары болуын бірінші кезекте салқын климатпен байланыстырады. Алайда басты себеп салқындықта емес, кезіндегі «жоспарлы» деп аталатын онжылдықтардың, шығынды экономиканың салдары, - дейді Белый.

Қуат тиімділігі технологиялары қажеттілігінің тағы бір себебі – экологияның нашарлауы. 2011 жылы Қазақстанда атмосфераға шығарылған СО2 мөлшері 254 млн тоннаны құрады және адам басына шаққандағы осы көрсеткіштер бойынша қоршаған ортаны ірі ластаушы 20 елдің қатарына кірдік. Сонымен қатар, Қазақстанның көмірқышқыл газ лақтырындыларын азайту бойынша ерікті халықаралық міндеттемелері де бар: 2030 жылға дейін 12%, 2050 жылға дейін 40%.

Бұл істе үкіметтің 2012 жылы шығарған «Қуат үнемдеу және қуат тиімділігін арттыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бағалау механизмін бекіту туралы» қаулысы маңызды қадам болды. Үкімет сайтында тоқсан сайын облыстық және қалалық әкімдіктердің сәйкесінше рейтингтері жарияланып отырады. А. Белыйдың пікірінше, біздің облысымызда осы рейтингте көш бастауға барлық мүмкіндіктер бар.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

5 тамыз 2014, 12:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.