Атырау, 23 желтоқсан 23:07
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Өрт сөндірушілер өзара жарысқа түсті

3 009 просмотра

Шілденің 1-і күні облыстағы өрт сөндірушілер арасында жауынгерлік жарыс өткізілді. Облыста барлығы 11 өрт сөндіру бөлімі болса, әр бөлімнен жарысқа 6 жауынгер (өрт сөндірушілерді осылай атайды) қатыстырылды.

Облыс көлемінде өткен жарыс «Жауынгерлік қанат жаю» деп аталды. Өртке қарсы қызмет бастығының орынбасары Ризабек ҚАЖЫҒАЛИЕВТІҢ айтуынша, ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ұйымдастырылған жарыстың негізгі мақсаты – өрт сөндірушілердің өзара бәсекеде жыл бойына жиған тәжірибелерінің арқасында шеберліктерін көрсету, жұмысқа ынталандыру, мықтыларды анықтау. Жалпы мұндай жарыстар өрт сөндірушілер арасында жиі өтіп тұрады. Ал бұл жарыста өрт сөндірушілер 3 минуттың ішінде белгілі бір қашықтықта орналасқан нысананы өрт сөндіру машинасындағы сумен атқылап, шеберліктерін көрсетті. Нысана өрт ретінде мысалға алынған. Ең бастысы  олар өртті сөндіруде шапшаңдықтарын көрсетуге тырысты. Сөйтіп, тез қимылдап, жедел әрекетті байқатуға тиісті.

Жарыс соңында өрт сөндіруші қызметкерлер мақтау қағаздарымен марапатталды. 3-ші орын - №7 Махамбет аудандық өрт сөндіру бөліміне, 2-ші орын - №5 Индер аудандық өрт сөндіру бөліміне берілсе, 1-ші орынды қаладағы Гагарин көшесінде орналасқан №1 қалалық өрт сөндіру бөлімі жеңіп алды. Жеңіске жеткен команданың жетістігі алдағы уақытта, мәселен, мереке күндері ескерілмек.

Айнұр АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

7 шілде 2011, 15:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.