Атырау, 27 қараша 10:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Түркияға барар ұзақ жол-2

2 282 просмотра

«Гүлнар тур» туристік операторы банкротқа ұшырады деп мәлімделген ақпарат та, компания таяу бес ай ішінде келтірілген зиянды өтеуге міндеттелді деген қауесет те расталмады.

 

ЖҰМЫСТАН КІМ ШЫҒАРАДЫ?

Жергілікті компания кеңсесінен осындай ақпарат алдық деген Атыраудағы бірнеше зардап шегуші мұның ақ-қарасын тексеруді өтінген еді.

– Банкрот жөнінде де, зиян өтеу жөнінде де, ондай ештеңе айтқан жоқпын. Өйткені, өзім де ондай ақпараттан бейхабармын, - деп растайды туристік «Гүлнар тур» компаниясы филиалының өкілі Раушан ЖҰМАҒАЛИЕВА.- Өзім ештеңе білмеймін, «Гүлнар Турда» енді жұмыс жасамаймын, шығып кеттім, қазір тек телефон қоңырауларына ғана жауап беріп отырмын.

– Келісімшартты рәсімдеген кезде ешқайда кетпей қалудан сақтандыру деген болады. Сіз клиенттеріңізге тәуекелдің осы түрінен сақтандыруды ұсындыңыз ба?

- Үнемі ұсынамын. Бірақ ешкім де рәсімдеген емес.

Әзірге расталмаған мәлімет бойынша, «Гүлнар тур» басшысы Әли ИСМАЙЫЛОВ елден қашып кеткен. Ол Қазақстаннан жалған төлқұжатпен шығып кеткен деседі. Банкротқа ұшыраған жағдайда жұмыс беруші еңбек заңнамасына сәйкес өз қызметкерлерін бүкіл формальдылықты сақтап, жұмыстан шығаруы тиіс. Раушан Жұмағалиеваның алматылық әріптестері осы формальдылыққа қатысты қиындықтарды бастан өткеріп отырғанын мойындады:

- Біздің кеңселерімізге (Алматыда) сүргі соғылды, біздің бәріміз жұмыстан босату туралы өтінішпен азаматтық сотқа талап арыз бердік. Бас директор жоқ. Бүкіл ақпаратты Алматы ІІД-нен сұраңыздар. Бүкіл қағаз сол жерде, біз де ештеңе білмейміз, - деді телефон арқылы бас директордың орынбасары Олеся ЦЕЛОВАЛЬНИКОВА.

 

СОТ – ТЕК АЛМАТЫДА

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің сайтында осы даулы жағдайға байланысты жұмыс тобы құрылғаны хабарланады. Олардың өңірлік штабтары еліміздің бүкіл облыстарында және Астанада бар (17 жыл өтілі бар компанияның 28 кеңсесі болған, соның ішінде Мысырда, Түркияда және Қырғызстанда).  

Ал биылғы жылдың мамырынан бастап туризмге жетекшілік ететін өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасындағылар бұл фактіні растамады:

- Бізде ондай штаб жоқ, бірақ біз ахуалдан хабардармыз және оны қалалық прокуратурамен бірге бақылауға алдық, - деді өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары Олжас СМАҒҰЛОВ. – Біздің облысымызда 97 зардап шегуші бар, зиянның нақты сомасы туралы ақпарат әзірге жоқ. Кейбір жергілікті БАҚ-тарда мұның 250 мың доллар екендігі туралы айтылады, бірақ біз бұл цифр әсіреленіп отыр деп ойлаймыз.

- Сізде алдағы уақытта компанияның банкротқа ұшырайтындығы туралы мәлімет бар ма?

- Бізде мұндай мәліметтер жоқ. Бүгінде Туризм комитеті Бас прокуратураның рұқсаты бойынша тексеру жүргізеді (қазіргі уақытта тексеру мораторийі күшінде –З.Б.), нәтижелер бойынша лицензиядан айыру туралы мәселе қойылатын болады.

- Адамдар өз қаржыларын қайтаруға қол жеткізе ала ма?

- Зиян тек сот шешімімен ғана өтеледі. Ал туристер қол қойған келісімшартқа сәйкес, «Гүлнар Турға» қатысты кез келген заңды даулар бойынша тек Алматы қаласының Түркісіб аудандық соты арқылы ғана жүгіну мүмкін болады. Егер фирма клиенттері назар аударған болса, бұл тармақ барлық келісімшартта бар. Әзірге кез келген зардап шегуші тек прокуратураға ғана шағымдана алады.

Смағұлов жапа шегушілерге әкімдіктің «қызу желідегі» 27-11-10 телефоны бойынша ақпараттық қолдау көрсететінін еске салады.

 

«ҚОЛ ҚУСЫРУҒА БОЛМАЙДЫ»

Заңгерлер осы жерден адвокаттарды жалдаудың жөні жоқ, алматылықтарға жүгінген ақылға қонымдырақ деп есептейді.

- Менде зардап шегушілердің бірнешеуінің шағымы жатыр, бірақ мен әзірге оларға жауап берген жоқпын, - дейді жергілікті заңгерлердің бірі. – Ашығын айтқанда, оларға қосымша көлік шығындарын артудың мәнісін көріп отырғаным жоқ. Бұл процесстердің қанша уақытқа созылатыны, немен аяқталатыны белгісіз...

- Ал жалпы өтеледі деп күтудің мәнісі бар ма – қожайыны қашып кетті, ел ауқымындағы зиян мөлшері өте көп, несие берушілерге есепшоттар жүздеп...

- Сіздікі дұрыс емес. Қол қусырып отыруға болмайды, міндетті түрде талап арыз беру керек. Тіпті, егер компанияны банкрот деп жарияласа да, тарату комиссиясы құрылатын болады. Ол қаржыны тек сот шешімімен ғана қайтара алады.

- Зардап шегушілерге бірігіп, ортақ бір талап арыз берген оңай әрі арзанырақ болмас па еді?

- Теориялық тұрғыда бұл мүмкін және тіпті жақсы болар еді. Мәселені жеңілдетіп, заңгерлерге кететін шығындарды азайтар еді.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

22 шілде 2014, 13:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.