Атырау, 27 қараша 10:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Атыраудың мазасыз жазы

2 900 просмотра

Осы жазда бұрын-соңды болмаған масалар қала тұрғындары мен меймандарына нағыз сор болып жабысты.

САСЫҚСАЙДАҒЫ ЭКСТРИМ

Биылғы жылы масалармен күрес жұмыстарын жүргізу тендерін «AG disinfection services» ЖШС жеңіп алған еді. ЖШС директоры Жұман САТЫБАЛДИЕВПЕН жәнеэнтомолог Назгүл МЕҢДІҒАЗИЕВАМЕН бірге біз қансорғыштар ордасының бірі – ел аузында Сасықсай деп аталатын булану алаңына жол тарттық.

Көліктен шыққан кезде қансор-ғыштар бізге лап қойды. Сол жерден кеткенше үсті-басымызды жанталаса қаққылаумен болдық.

- Бұл жерде, негізінен, масалардың ірі қалалық culex pipiens деген түрі мекендеп, көбейеді, - дейді Н. Меңдіғазиева. – Ең қорқыныштысы бұл емес. Кеше Еркінқалаға барғанмын, сол жерде үй қояндары масаның шаққанынан өліп қалған. Дамбы, Ракуш, Курилкин тұрғындарының да берекеттері қашқан. Ол жерде масаның көптігі сондай, қара бұлт сияқты қаптайды. Бұл - масаның табиғи (теңіз) aedes caspius деген түрі. Ол тек күн батқаннан кейін ғана емес, күні бойына адамдардың мазасын кетіреді.7-12 шақырым жерге дейін ұшуға қабілетті. Биыл су тасқынынан көп жерге су жайылып кеткен. Сол жерлерде масалар көбеюде. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оларды елді мекендерге қарай қуып апарады, олар Атырауға да қаптап келеді.

Менің көзімше ЖШС қызметкер-лері Сасықсай периметрі бойынша масалардың көбею ошағын инсектицидпен улай бастады.

- Бұл жер 24 шақырым. Бір улағанда біз бұл жерге екі тонна у шашамыз. Препарат сумен таралады және дернәсілдер мен ересек масаларға әсер ететін болады, - деп түсіндірді Ж.Сатыбалдиев.

«AG disinfection services» ЖШС масалар үшін улы тұман шашатын екі жел генераторымен, термогенератормен, қолмен қосылатын түтін генераторларымен, ресейлік, голландтық және неміс өндірісінің препараттарымен жабдықталған.

- Біз үшін жұмыс жоспары тек облыс орталығының аумағымен ғана шектелген, тиісінше, қаржы тек қалаға ғана бөлінді. Ал, биыл масалар, көбінесе, теңіз жақтан келеді. Бүгінде аумақты өңдеу кестесінен ауытқып, айына бір рет улаудың орнына күн сайын дерлік улауға шығып жүрміз. Алайда, кезекті теңіз желі табиғи масаның жаңа тобын өзімен бірге ала келеді, - дейді Ж.Сатыбалдиев. – Улауға қаржы бөлінбеген қала маңындағы селолардың тұрғындарына оңай тиіп жатқан жоқ, тиісінше, оларға дезинсекциялау жұмыстары жүргізілмейді.

 

ӘУЕДЕН СОҚҚЫ КЕРЕК

- Атырауды масадан толықтай арылту мүмкін емес, бірақ осыған жұмыстану керек, басқа да жолдар қажет. Тек қаланы өңдеумен шектелмеген жөн, бұл әдіс өзінің тиімсіз екенін баяғыда дәлелдеген. Жақын маңдағы бүкіл су тоғандарындағы масалардың популяциясына  тұрақты мониторинг жүргізіп отыру керек, - деп есептейді Ж. Сатыбалдиев. – Мәселен, «Ақ Жайық» резерватының қомақты аумағының 70 пайызы сумен толған және масалар ордасының бірі болып табылады. Осы аумақты және тасқыннан кейін су жайылған жерлерді су тоғандарының басқа мекендеушілеріне зарар келтірмей, масалардың дернәсілдері мен ересек түрлеріне әсер ететін арнайы бактерицидті препараттармен өңдеуге болар еді. Алайда, батпақты жерлерге қарапайым көлік өте алмайды, сондықтан авиацияны қолдану керек. Бұл шығынды көп қажет етеді. Біздің есептеулеріміз бойынша, осындай әуеден бір рет у шашудың өзі 47 млн теңгеге шығады. Бірақ мұны жасау қажет. Болашақта су тоғандары мен ұлан-ғайыр аумақты әуеден улау үшін дельтаплан алуды жоспарлап отырмыз. Су тоғандарын, қала маңындағы аумақтарды кешенді өңдеу кезінде масалардың 80-85 пайызын жоюға болар еді. Масалардың дернәсілдерімен қоректенетін гамбузия балығын өсіру тоғандарын ұйымдастыру жолы бар. Мұндай тоғандар, мәселен, Сочиде өзін жақсы жағынан көрсете білді.

Сондай-ақ, қалалық билік тендер өткізу уақытын өзгертсе екен дейміз. Оны күн жылынбай тұрып өткізу керек. Биыл, мәселен, біз тек сәуірдің ортасында ғана жұмысқа кірістік.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

17 шілде 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.