ТЖМ хабарлағандай, 29 маусымда Жайықта шомылып жүрген 19 жасар жігіт суға кетті.
2 шілде күні Атырау-Орал тас жолында Бейбарыс селосының тұсында жол-көлік оқиғасы орын алды. 22 жастағы «Тойота» автокөлігінің жүргізушісі, Геолог поселкесінің тұрғыны жолдан өтіп бара жатқан әйел адамды қағып кеткен. Алынған жарақатының салдарынан ол әйел оқиға болған жерде көз жұмды.
Теңіз-Новороссийск мұнай құбырын кеңейту жобасының құрылыс жұмыстарының ресми ашылу салтанатында КТК бас директоры Николай ПЛАТОНОВ облыс әкімінің орынбасары Б.Дәукеновке Атырау медициналық жәрдем көрсету стансасы үшін төрт жедел жәрдем машинасына сыйлық сертификатын табыс етті.
3-шілдеде Қызылқоға ауданының далалық жерінде өрт шықты. Өрт Жангелді ауылдық округінің «Ақcай» учаскесін шарпыды. Өрт төрт сағатта өшірілді. Оған жеке құрамның 10 адамы және ТЖД өрт сөндіру қызметінің 2 бірлік техникасы, сондай-ақ, 15 жергілікті тұрғын 3 бірлік техникамен жұмылдырылды. Өрт шалған алаң 400 гектарды құрады. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.