Атырау, 24 қараша 15:46
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Украина әскері Луганск әуежайын босатты

2 081 просмотра

Луганскіні тастап шығып, поезбен Львов қаласына жеткен тұрғындар. 9 шілде 2014 жыл. Луганскіні тастап шығып, поезбен Львов қаласына жеткен тұрғындар. 9 шілде 2014 жыл. Украина әскері шайқас жүргізе отырып Луганск әуежайын сепаратистерден босатқаны жайлы ақпарат Украина президенті Петр Порошенконың Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парағында жарияланды. Үш әскери қызметкер жараланған.

Жексенбі күні Белое, Александровск, Сутоган және Роскошное кенттері де қарулы жікшілдерден босатқан. Ал Поречье, Гончаровка және Урало-Кавказ кенттері маңында украиналық әскерилер мен ресейшіл күштер арасында кескілескен шайқас жүріп жатыр деп хабарлады  жергілікті тұрғындарға сілтеме жасаған «Информатор» сайты.

Украина армиясы Краснодон қаласын шекарадан бөліп тастауға әрекет етіп жатыр. Сепаратистердің Twitter парағына сілтеме жасаған ресейлік «Новости» ақпарат агенттігі «Изварино» бақылау-өткзу бекеті маңында шайқас жүріп жатқаны туралы хабарлады.

Луганск қаласының іргесіне жеткен Украина армиясы мен аймақтық қорғаныс батальондары облыс орталығына шабуыл жасауға әзір тұр. Украина шекара қызметіндегі дереккөздері сепаратистердің Луганск облысынан Ресей аумағына жаппай кетіп қалуға әрекет етіп жатқаны туралы ақпаратты растады.

Луганск тұрғындары сепаратистердің «Град» зымыран кешені мен минометтерден Каменный Брод және Үлкен Вергунка аудандарын атқылағаны туралы айтқан.

Луганск қаласындағы алты ауданы электрсіз және сусыз қалып, қалада байланыс та дұрыс жұмыс істемей тұрғаны хабарланды. Дүкендер жұмыс істеп тұрғанымен қазір оларға азық-түлік жеткізу қиындап кеткені айтылады. Жолаушы тасымалдайтын көлік саны бұрынғыдан қысқарған. Қаланы іс жүзінде қарулы топтар бақылауға алған. Перинаталдық орталықтың шатырына мергендер жайғасып алған деп хабарлады УНИАН сайтына жергілікті қоғамдық белсенді Дмитрий Снегирев.

Дереккөз: Азаттық радиосы

14 шілде 2014, 17:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.