Атырау, 23 желтоқсан 23:08
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Ректорлар қызметінен босатылды

3 390 просмотра

Маусым айының ішінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің шешімімен Атыраудағы ең ірі жоғары оқу орындарының басшылары қызметтерінен кетті.

Маусымның 27-сі күні Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры Алтай Ғабдрахманұлы ҚАЗМАҒАМБЕТОВ атқарып отырған лауазымынан босатылды. Қазір қыркүйек айына дейін ректордың орнына уақытша міндетін атқарушы болып, оқу-әдістемелік жөніндегі проректор Софья Зұлқарнайқызы САҒЫНДЫҚОВА бекітілді. Бұрынғы ректордың қызметінен босатылуына ректорлық аттестациялау себеп болған.

Ал Атырау мұнай және газ институтының ректоры  Төлеуіш Пәуеденұлы СЕРІКОВ зейнеткерлік жасқа шығуына байланысты маусымның 10-да қызметінен босатылды. Институтты 30 жыл басқарған ректордың орнына қазір уақытша міндетін атқарушы болып техника ғылымдарының докторы, профессор Ислам Исағалиұлы ЖАНҰЗАҚОВ бекітілді. Ислам Жанұзақов сол институтта ғылыми жұмыстармен халықаралық байланыс жөніндегі проректорлық қызметін қатар атқарады.       

Айнұр АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

7 шілде 2011, 18:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.