Атырау, 6 қазан 13:00
 ашықВ Атырау +14
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Директор дегенін істепті

2 914 просмотра

Облыс прокуратурасы биылғы жылы сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытталған заңнаманың қолданылуын қадағалау саласында 48 тұлғаны жауапкершілікке тартып, мемлекет кірісіне 3,7 млн. теңге мөлшерінде зиян өндіріліп алынған.  

Мәселен, облыс прокуратурасының ұйғарымы бойынша, «ЭКО-САФ» ЖШС-де жұмыс жасайтын жақын туысқандарының экологиялық жобаларды заңсыз мақұлдағаны үшін Жайық-Каспий экология департаментінің үш маманы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Ал бөлім басшысы өз қалауы бойынша жұмыстан кеткен.

Бұдан басқа, тексеру көрсеткендей, Индер ауданы әкімінің орынбасары жарты жылға аудан орталығы тұрғындарының үйлерін жекешелендіру туралы ұжымдық өтінішті жарты жылға жылы жауып қойған. Басқа өтініштерге де солай қараған.

Қызылқоға ауданындағы № 1 гимназияда сыбайлас жемқорлықпен күрес заңнамасының бұзылғандығы анықталған. Атап айтқанда, гимназия директоры еш негізсіз үш тонна дизель отынын әлдебір «Миялы Сервис» ЖШС-не берген. Ал бұл отын оқу орнын қысқы уақытта жылыту үшін берілген болатын. Прокуратураның ұйғарымы бойынша директор қызметінен босатылған.

Лев ГУЗИКОВ

7 шілде 2011, 01:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.