Атырау, 23 желтоқсан 23:22
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Көпір салушылардың көлденең мәліметі

2 796 просмотра

Прокуратура облыс аумағындағы көпірлерді салу тендерлері жеңімпаздарының конкурстық комиссияға өз қызметтері туралы қасақана жалған мәліметтер бергенін анықтады. Рас, бұдан енді келіп-кетер ештеңе жоқ. Өйткені көпірлердің барлығы салынып, пайдалануға беріліп қойған.

Облыстық прокуратураның баспасөз хабарламасында жазылғандай, қадағалау органы 2007-2010 жылдары көпір құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасын, техникалық-негіздемесін жасақтауға тендер өткізу заңдылығының сақталуына қатысты мемлекеттік-құрылыс бақылау басқармасына тексеру жүргізген.

Тексеру барысында Жайық өзені арқылы Әлиев-Сатыбалдиев көшелерін жалғаған көпір салу конкурсының жеңімпазы «Құрылыс-Қызмет-S» ЖШС-нің 2004-2005 жылдары Қызылордада Сырдария арқылы көпір салу кезінде мердігер болғандығы туралы мәліметтер ұсынғаны анықталған. Алайда прокуратураға Қызылорда облысының көлік жолдары комитеті департаменті хабарлағандай, ЖШС-мен мердігерлік немесе қосалқы мердігерлік келісім-шарты жасалмаған. Ал сырдариялық көпір 2003 жылдың күзінде пайдалануға беріліпті.

Осындай жалған ақпаратты Индербор поселкесінде Жайық арқылы көпір салған «ТрансКомСтройСервис» ЖШС мен осы конкурсқа қатысқан «Беркін Жылыой» ЖШС ұсынған.

Әрине, көпір құрылысы сапасының жеке мәселе екені сөзсіз. Ал әзірге прокуратура қаржылық бақылау инспекциясына ұйғарым енгізіп, ол осы ЖШС-лерді мемлекеттік сатып алуларға алақол қатысушылар деп тану туралы талап арыз берді. Сот осы талап арызды қанағаттандырып, фирмаларды арнайы тізілімге енізді. Соттың шешімі заңды күшіне енді.

Лев ГУЗИКОВ

7 шілде 2011, 01:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.