Атырау, 26 желтоқсан 06:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Ну орманнан 68 тайпа табылды

7 735 просмотра
 
“Амазонканың ну тоғайында ешкiм бiлмей­тiн, ешбiр елмен байланыста болмаған белгiсiз бiр тайпа табылды. Олар­дың құрамында 200-дей адам бар”, ­ ­­– ­ деп хабарлайды As­sociated Press агенттiгi. Мұны Бразилияның өкi­метi де растады.
Бiрнеше рет Бразилия мен Перудiң шекарасында орманның ағашын кесiп, астық егуге тазартылған жердi көргендер болған. Мұның өтiрiк-шынын бiлу үшiн сәуiр айында осы аймаққа арнайы экспедиция жi­берiлдi. Табылған тайпаны экспедиция мүше­лерi ұшақта отырып суретке түсiрген. Әзiрше олармен қарым-қатынас жасалған жоқ. Қазiргi уақытта Амазонканың ну тоға­йында тағы да өркениетпен еш байланысы жоқ осындай 68 тайпа табылды.
Құрамында 200-дей адамы бар тайпа шатыры сабанмен жабылған төрт үйде тұрады. Олар ауыл шаруашылығымен айналысады: жүгерi еге­дi, банан, бұршақ жә­не тағы басқа дәндi дақылдармен қорек­тенедi.
 Орманнан ағаш да­йындау, аймақтағы пайдалы кен орындарын қазу, Бразилия шекарасынан есiрткi тасу, мис­сионерлiк әрекет және тағы да басқа жайттар бұлардың өмiрiне үлкен қатер төндiруi мүм­кiн. Әзiрше туындап тұр­ған қауiпке қарамай, бұл жабайы тайпалар өз тiлiн, салт-дәстүрiн сақтау­да.

http://zhasalash.kz/ertyrli/4902.html

4 шілде 2011, 14:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.