Атырау, 23 желтоқсан 23:32
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

«Өзімді таныстыруға рұқсат етіңіз!»

4 323 просмотра

-          осындай атаумен еліміздегі учаскелік инспекторлар акция өткізді.

Атырау облысы да бұдан тыс қалған жоқ. Атауынан белгілі болғандай, акцияның мақсаты – халықпен байланыс жасауды жолға қою. Облыстық қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Жәнібек ШӘРІПОВТІҢ айтуынша, инспекторлар кешкі сағат алтыдан онға дейін өздері қызмет көрсететін үйлер мен пәтерлерді аралап шыққан. Облыс аумағы 61 433 пәтер мен 73 253 үйді  қамтитын 167 әкімшілік учаскеге бөлінген. Акция өткізілген уақытта учаскелік инспекторлар 83 мың мәрте аралап шығып, 35 мың пәтер мен 48 мың жеке үйлерге барған, 100 мыңнан астам визиткалық кәртішкелер үлестірілген. Өз қамқорлығындағы тұрғындармен танысу анағұрлым жақсы нәтиже берді. Аралап шығу кезінде инспекторлар алуан сипаттағы 138 мәлімет алып, оларды мүдделі қызметтерге жолдаған. Криминалдық полиция 41 сигнал бойынша шаралар алып, соның ішінде 3 факт бойынша қылмыстық істер қозғалған.

Мәселен, Құлсарыда болған тонау фактісі туралы белгілі болды. Тонаушы шолақ мылтықпен қорқытып, құрбандығынан ұялы телефонын тартып алған. Ал сол Құлсарыдағы №11 үйдің ауласында құрамында есірткісі бар өсімдіктер өскен. Барлығы есірткімен күресушілер 27 факт бойынша шаралар алған. Кәмелетке толмағандардың істерімен айналысатын инспекторлар үшін де жұмыстар табылды. 26 берекетсіз отбасы есепке алынды. Көші-қон полициясының желісі бойынша 30 адам елден тысқары шығарылды. Ал 113 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  

Учаскелік инспекторлардың жұмыс күні – таңертеңгі сағат 8-ден түнгі 12-ге дейін, ал қысқы уақыттарда – 11-ге дейін. Қызметкерлердің өздерінің айтуларынша, шақыртулардың көпшілігі кешкі уақытта, сондай-ақ, демалыс және мереке күндері болады екен. «Облысымызда полицияның 187 учаскелік инспекторлары бар. Орташа алғанда олардың әрбіреуіне 4,5 мың тұрғыннан келеді. Ал жалпы норма бойынша 3 мыңнан келу керек, - дейді Ж.Шәріпов. – Бұл жерде мәселе кадрлардың тапшылығында емес, біздің штатымыз толық. Ал облыс орталығы тез кеңейіп, жаңа ықшамаудандар пайда болуда. Соның ішінде, басқа жақтан келушілердің есебімен тұрғындардың да саны үнемі өсіп отырады. Сондықтан учаскелік инспекторлардың штатын көбейту керек. Бірақ бұл жергілікті билікке қойылатын мәселе. Олар учаскелік қосындарды ұйымдастырып, еңбек ақымен, киім-кешектермен қамтамасыз етулері тиіс».

Зульфия ИСКАЛИЕВА

30 маусым 2011, 18:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.