Атырау, 23 желтоқсан 23:26
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Ет бағасының тұрақтануына қыдырмашы зеңгі бабалар себеп болыпты

2 919 просмотра

Өткен демалыс күндері қала базарларындағы сиыр етінің бағасы өзгерген жоқ.  Төс еттерінің келісін  1 100-1 200  теңгеден сатты. Осы сенбіде баға өзгерер ме екен?

Батыс-Қазақстан облысының Ақжайық ауданында Қазақстанның оңтүстік аудандарынан тірілей әкелінген малмен келген аусылдың шығуына байланысты карантин әлі де жалғасуда. Жұқпалы ауру тараған аудандардан малды тірілей әкелуге қатаң тыйым салынған. Атырау қаласының бас ветеринарлық-санитарлық  инспекторы Жайжан БАЯМИРОВАНЫҢ айтуынша, «Динадан» басқа қаланың барлық базарларында қазір біздің облысымыздың аудандарынан келген малдың еттері сатылуда. «Дина» базарында «Ақ Жайық-Плен» компаниясының рефрижераторымен Оралдан әкелінген еттер сатылуда. «Ет» автолавка көлігі екі қаланың арасынан аптасына бір рет 9 тұтас еттен әкеледі. Жүргізушіде Орал қаласының бас ветерианарлық-санитарлық инспекторы Г.СЕЙІТЖАННЫҢ қолы қойылған анық-тама бар.

Өткен демалыс күндері келісі 950 теңге тұратын етті «Атырауагросервис» ЖШС өз сауда нүктелеріне түсірді. Ол «Каспий» әлеуметік кәсіпкерлер корпорациясының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Ал, бағаның тұрақтануы заң бұзушылықпен байланысты болды. 24 маусымда ветеринарлық инспекторлар Атырауда 27 сиыр тиелген көлікті ұстады. Бұл Батыс-Қазақстан облысының Бөкей ауданынан әкелінген екен. Анықтама бойынша бұл жүк Оралға баруы тиіс болған. Ал  оны Атырауға әкелген кәсіпкер 5 АЕК көлемінде айыппұл төледі.

Облыстық ІІД  бастығы Рахмаджан ДОСАНОВҚАэпидемиологиялық нашар аймақтардан мал контрабандасын өткізбеу туралы жеделхат жолданды. Сиырларға келген ветерианарлар оларды Оралға жібере қоймаған. Олардан алынған қан анализінің қорытындысы келгенше мал қорада тұрды. Аусыл мен бруцеллез вирустары табылмағандықтан олардың барлығы да пышаққа түсті.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

30 маусым 2011, 18:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.