Атырау, 26 желтоқсан 06:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

«Айрекс» мұғалімдерді компьютер іліміне баулыды

2 658 просмотра

Балалар каникулға шыққаннан кейін «Айрекс» білім беру бағдарламасының жаттықтырушылары мұғалімдерді оқытумен айналысты. Негізінен ғаламторда жұмыс істеу, сондай-ақ, «Word», «PowerPoint» және «Excel» секілді кеңселік бағдарламаларға баса назар аударылды.

Мұғалімдердің арасында электроникамен тіл табысулары қиынға түсетін ересек жастағылар баршылық. Оқу басталмас бұрын шағын сауалнама жүргізілген болатын. Сауал алынған 35 мұғалімнің 22-сінің үйлерінде компьютер бар екен. Оның 12-сі интернетке қосылған. «Компьютерді қаншалықты жақсы меңгергенсіз?» деген сұраққа 42,9 пайызы кеңсе бағдарламаларын пайдаланатынын, 37,1 пайызы «тек қоса алатынын», 5,7 пайызы ойын ойнайтынын, 5,7 пайызы ешқашан компьютер пайдаланып көрмегенін айтқан. Тек 8,6 пайызы ғана озық пайдаланушылар боп шыққан.

Оқыту күн сайын 3-4 сағаттан мектептегі компьютерлік сынып базасында өткізілді. Тренингке барлығы 157 адам қатысқан. Оның 3-уі директорлар, 5-уі оқу ісінің меңгерушілері, 1-уі мектеп кітапханасының қызметкері және 148 мұғалім. Сабақты MS Microsoft Office: Word, PowerPoint және Excel бағдарламаларынан бастау ұйғарылды. Осы бағдарламаларды пайдаланғанда мектептегі сабақтар анағұрлым қызықты болады. Алғашқы дағдыларды игергеннен кейін олар дүниежүзілік ғаламторды үйренуге кірісті. Бір қарағанда, ғаламторды пайдалану қиын емес секілді, бірақ олай емес. Адрестік жол деген не, қандай іздеу жүйесін пайдалану керек, қажетті ақпаратты қалай табу керек және тағы басқаларын білген жөн. Жұмыс процесінде электронды адрестер ашылды, ниет білдіргендер сыныптастарын, группаластарын тауып алу үшін әлеуметтік желілерге тіркелді.

«Ересек жастағы адамдар компьютерді біле бермейді дейді. Бірақ жас бола тұрып, менің өзім жаңа технологияға күшті емеспін, - деп әңгімелейді Жамбыл атындағы мектептің бастауыш сыныптар мұғалімі Тілекші ТҰРҒАНБАЕВА. – Сондықтан да тренингке қатысып жүрмін. Құжаттармен жұмыс жасайтын негізгі бағдарламадан бөлек, фоторедакциялайтын Picasa бағдарламасы қатты ұнады. Ол түрлі фотоколлаждар, фотопрезентациялар жасау үшін өте қолайлы екен. Енді сабақтарым анағұрлым қызықты болады деп үміттенемін».

Тренингтер аяқталғаннан кейін мұғалімдер жаңа білімдер мен дағдыларды үйренгенін, оларды әрі қарай жұмыстарына да, өздері үшін де пайдаланатындықтарын айтты.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

30 маусым 2011, 00:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.