Атырау, 11 желтоқсан 15:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Ит жегіш жауапқа тартылды

3 157 просмотра

Құрманғазы ауданының бір тұрғыны ауылдасының күшігін ұрлап әкетіп, одан қуырдақ жасап жепті.

Бұл масқара тірлік Бірлік селосында жасалған. Айдың күннің аманында бабасы мұсылман қазақ осындай қадамға барады дегенге біреу сенер, біреу сенбес.

Құрманғазы ауданы прокурорының көмекшісі Магилан ЕРКІНҰЛЫНЫҢмәлімдеуінше, шынымен де Б. Б. есімді ер адам ауылдасының ауласындағы күшікті ұрлап, қапшыққа салып алып кетеді. Сөйтіп, ауылдағы көпірдің астына барып, күшікті бауыздап сойып, етінен қуырдақ жасаған. «Сүйікті астан» төрт ауылдасын дәм татуға шақыруды да ұмытпаған. Итті ұрлаушы ҚР ҚК-нің 175 бабы, 1 бөлігі (ұрлық) бойынша жауапқа тартылып, аудандық сот оны айыпты деп тапты.

Маусымда болған сот үстінде ит жегіш мастығын сылтауратып, жәбірленушіден кешірім сұрады. Бірақ соттың нүктесі әлі қойылған жоқ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

30 маусым 2011, 18:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.