Атырау, 24 желтоқсан 05:18
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Қысқа қайырғанда

2 059 просмотра

Қылмыстық түзету жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы Б.Маразбаеваның айтуынша, әйелдер зонасының санитарлық бөлімшесіндегі екі сотталушыдан тінту кезінде ұялы телефондар табылған.Колония әкімшілігі жаза түрінде шешім қабылдайды. Ол сөгіс немесе айыппұл изоляторына қамау болуы мүмкін. Баспасөз қызметі ерекше атап өткендей, түзету мекемесіндегі таяуда болған толқуда жанжал шығарғандар осы әйелдер екен.

 

Қалалық прокуратураның мәліметтері бойынша, биылғы жылы мемлекеттік органдардың инспекторлары жеке кәсіпкерлерге 54 заңсыз тексеру жүргізген.Осы фактілер негізінде 6 лауазымды тұлғаға айыппұл салынды.

 

Көлік прокуратурасы «ҚазТрансОйл» АҚ филиалының шағымы бойынша кәсіпорынның қызметіне ҚР Агенттігінің жер ресурстарын басқару жөніндегі аймақаралық жер инспекциясының араласуының заңдылығын тексерді.Прокурорлар инспекция қызметкерлерінің заңсыз тексеру жүргізгендігін анықтаған. Сөйтіп, инспекция бөлімінің бастығына 15 мың теңге айыппұл салынды.

 

ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 25 маусымда Әуезов көшесінің бойындағы трансформаторлық будкадан ЖШС-лердің бірінің 27 жастағы электригінің мүрдесі табылды.Полицейлердің мәліметтері бойынша, бұл жағдай қайғылы оқиға деп тіркелген.

 

Қызылқоға ауданында көршілер арасындағы төбелес барысында 3-ауылдың 30 жастағы тұрғыны ауыр пышақ жарақатынан қайтыс болған.Кісі өлтірді деп күдіктелген адам ұсталды.

30 маусым 2011, 00:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.