Атырау, 24 желтоқсан 06:11
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Жылыойдың шырын шұбаты

2 833 просмотра

Жылыой ауданындағы он бір шаруа қожалығын біріктіріп, селолық тұтынушылар қоғамына (СТҚ) басшылық етіп отырған «Атыраусауда» ЖШС өзінің өндірген шұбатымен жұртты тамсандыруда.

Серіктестік директоры Әлімжан БАЛЖІГІТОВТЫҢайтуынша, шағын цехты іске қосып, шұбат өндіруді қолға алғалы көп бола қоймапты. Әзірге мұнайшыларды шұбатпен қамтып отырған цехтың күшімен күніне 500 литрге жуық шұбат өндіріледі екен. Ал түйе малы осы серіктестікке қарасты «Достан ата» ШҚ-да бағылуда. Шұбат өнімін жалпы халыққа ұсыну да көзделіп отыр.

‑Селолық тұтынушылар қоғамы бүгінгі таңда өте керек нәрсе. Бірақ әлі де болса фермерлерді біріктіруде кідірістер жоқ емес. Әзірге менің көмегім ‑ шаруалар өнімін бізге, яғни, СТҚ-ға тікелей тапсыра алады. Оны ұқсатып, пайдаға асыру біздің тікелей міндетіміз,‑дейді серіктестік басшысы.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

30 маусым 2011, 18:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.