Атырау, 24 желтоқсан 05:45
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Жалақыға зар қылғандар жазасыз қалмайды

2 140 просмотра

Жыл басынан бері қалалық прокуратура 2 мыңнан аса жұмысшының конституциялық құқығын қорғады.

Қала прокуроры Халидолла ДӘУЕШОВТІҢ айтуынша, «Атыраумұнайгазгеология» ЖШС өз жұмысшыларына 75 миллион теңгеден астам сомада бережақ боп қалған. ЖШС басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалып, сот сараптамасы жүргізілуде. Осындай заң бұзушылықтар «Жаңа Құрылыс» ЖШС-ін тексеру кезінде де анықталды. Ол 21 қызметкерінің еңбек ақысын кідірткен. Директоры қашып жүргендіктен, қылмыстық істі тергеу әзірге тоқтатылып тұр.

Прокурорлық әрекет ету актілері негізінде «Атырау балық» АҚ жұмысшыларына 17 миллион 400 мың теңге сомада еңбек ақылары бойынша алажақтары төленді.

Бұдан басқа, қала прокуратурасы түскен шағымдар бойынша «Атырау жылу электр орталығы» АҚ-на тексеру жүргізді. Химиялық цехтың қызметкерлерінің бірі ауыр жарақат алып, 100 пайыз еңбекке жарамсыз болып қалғаны анықталды. «Еңбекті қорғау ережесін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іс материалдары полицияға жолданды.

Лев ГУЗИКОВ

30 маусым 2011, 00:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.