Атырау, 24 желтоқсан 06:06
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Әкім апатты мектептердің көптігіне таң қалды

2 188 просмотра

Енді ғимараттың апаттылығы туралы жеке сәулетшілер бюросының қорытындылары жарамсыз деп саналатын болды. Аудандарда 31 апатты мектеп бар деп санамалап шыққан облыс әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ өткен аптада осындай мәлімдеме жасады.

- Өткен жылы облыста 11 апатты мектеп бар деп саналған болатын. Олардың орнына 5 мектеп салынуда, қалған 6-уын 2015 жылға дейін салмақпыз. Сонда 31 деген сан қайдан шыққан? Тек іргетасы жеміріліп жатқан мектептер ғана мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау қызметінің шешімімен апатты ғимарат деп саналуы тиіс. Жеке құрылымдар көбінесе өздерінің бас пайдаларын көздейтін тапсырыс берушілердің ығына еріп кетеді. Мәселен, құрылыс компанияларындағы туысқандарына жұмыс көлемі қажет болады. Іргетасы мықты ескірген мектептерді қайта салмаймыз, оларды күрделі жөндеуден өткізетін боламыз, - деді әкім.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

30 маусым 2011, 00:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.