Атырау, 26 желтоқсан 06:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

«Жағалылар» әйелдерге қол көтерді

2 677 просмотра

Маңғыстау облысындағы мұнайшылардың наразылық акциясы қиын-кескі қырғынға ұласуда.

Оған қатысушылардың бірі Талғат САҚТАҒАНОВ «АЖ» тілшісіне телефон арқылы былай деді:

- Таяу күндердің бірінде әлдебір арандатушылық әрекеттің болатындығына күдік бар. Бүгін ниеті түзу деген «Өзенмұнайгаз» басшылығынан делегация құрамымен біраз адамдар келді және ереуілді тоқтатуды талап етті. Олардың арасында мұнайға тіптен қатысы жоқ адамдармен бірге еңбек ардагерлері де болды. Біздің жігіттеріміз оларды қуып жіберді. Билік басындағылар адамдарды ашықтан-ашық қуғындауда...

«ҚазМұнайгаз» Барлау, өндіру» компаниясы «Өзенмұнайгаздағы» жағдайға қатысты кезекті баспасөз-релизін таратты. «Бүгінгі күні «Өзенмұнайгаз» қызметкерлерінің бір бөлігі, атап айтқанда транспорт кәсіпорнының қызметкерлері бұрынғысынша жұмысқа шықпай отыр. Сонымен қатар наразылық акциясына қатысушылардың саны қысқаруда, - делінген баспасөз-релизінде. Және оның заңсыз екендігі Жаңаөзен қаласы сотының 2011 жылғы 24 мамырдағы  шешімімен дәлелденді. Компания еңбек кодексіне сәйкесті, еңбек тәртібін бұзғандары үшін ереуілшілерді жұмыстан шығаруға кірісті».

 

БҰЙРЫҚ ЕР НАМЫСЫНАН ДА ЖОҒАРЫ

Мұнайшылардың айтуынша полиция учаскелерінде қорланған және соққыға жығылған олардың жұбайлары мен туысқандары Бас прокуратураға арыз жолдаған. Олардың арасында 57 жастағы Үміт Түлкібаева бар, оның баласы Ербол «АЖ» тілшісіне болған жайды толық баян етті: «12 маусым күні оның анасы ереуілге шыққан мұнайшыларға барған. Ол жерде өз күйеулері мен туысқандарына қолдау көрсетуге келген басқа да әйелдер болған. Кенет қайдан шыққаны белгісіз бір әйел адам шыға келіп, балағат сөздерді жаудыртты. Бұл айқай-шудың арты төбелеске ұласты. Полиция қандай ма бір шара алудың орынына біздің әйелдеріміздің қолын қайырып, ұстай бастады, ал, арандатушы әйел оларды аяғымен тепкілей бастады. Кейін тоғыз әйелді автобусқа сүйреп тығып, аудандық ІІБ алып кетті. Зардап шегушілердің айтуынша, онда да оларды қорлап, ұрып-соғуларын жалғастырған. Анамның жағдайы нашарлай түсті, алайда, оған полицейлер мән берген де жоқ. Маған жедел жәрдем шақыруға тура келді. Жедел жәрдем машинасын аудандық ІІБ-не жіберген жоқ. Қазір анамның қолы қатты ісіп кетті, денесінің барлық жері көгерген. Біздің қолымызда дәрігердің анықтамасы бар. Полицияға шағымданғанымызбен әзірге іс тергеле қойған жоқ». Бұл жайсыз жағдай еліміздің барлық аймақтарына таралды. Қазақстанның түрлі ҮЕҰ басшылары – 23 әйел Нұрсұлтан Назарбаевқа ашық хат жолдады.

«Біз, Қазақстан әйелдері біздің аналарымыз бен апаларымызды  қорлауға жол бермейміз және міндеті біздің тыныштығымызды қорғау болып саналатын тәртіп сақшыларының мұндай әрекеттеріне көз жұмып қарай алмаймыз! Олар құқық  органдарынан қара күйе жаққан күйінде қуылуы керек! Президент мырза! біздің  бар үмітіміз сізде ғана. Конституцияның кепілдгі – Сіз! Сіз неге үнсіз қалып отырсыз?» делінеді мәлімдемеде. «Демос» құқық қорғаушы үкіметтік емес ұйымның басшысы Тоғжан ҒИЗАТОВАНЫҢ пікірінше, биліктегілер қауіпті ойынды бастағанға ұқсайды:

- Аштық жариялап отырған «Өзенмұнайгаз» мұнайшыларының әйелдерін соққыға жығу – биліктің кезекті арандату әрекеті. Олар ымыраға келу жолын қарастырудың орнына экстремизмнің ұрығын себуде. Өз анасын полицейлердің соққыға жыққанын көзімен көрген бала, енді оларды ешқашан да кешірмейді. Бастығының бұйрығын орындау үшін өз арын сатып, әйелге қол көтерген жағалылардың азғындық бейнесі міне, осындай болмақ! Ал, бұл қазақтар үшін өлгенмен тең! 

 

БІЗДІ ТИТЫҚТАТЫП ҚОЙМАҚШЫ

Екінші бір «дүбірлі» аймақ – «Қаражанбасмұнай» компаниясы. Ондағы акцияның жалғасқанына екі ай болды. Акцияға қатысушы жүздеген мұнайшылар отбастарымен бірге күн сайын Ақтау қаласындағы автобекетке жиналады. Соған қатысушылардың бірі Шыңғыс есімді жігіт «АЖ» тілшісіне былай деп хабарлады:

- Ешқандай келіссөздер жүргізіліп жатқан жоқ. Биліктегілер мен жұмыс берушілер бізді әбден титықтатуды көздеп отыр. Біз түрлі партия өкілдерінің қолдау көрсетіп жатқандығына ризамыз, алайда, біз ешқандай саяси талаптарды қойып отырғанымыз жоқ. Біз тек заңсыз жұмыстан шығарылған 148 адамның қайтадан жұмысқа алынуын, Наталия Соколованың босатылуын  және еңбекақыны көтеруді талап етеміз.

Азамат МАЙТАНОВ

23 маусым 2011, 17:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.