Атырау, 27 қараша 06:58
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ержанның жел диірмендері

2 797 просмотра

24 жастағы супермаркет бақылаушысы Ержан НҰРИДЕНОВ (суретте) жел генераторын ойлап тапты. Ол растап отырғандай, мұндай типті басқа қондырғыларға қарағанда бұл электр энергиясын бірнеше есе көп өндіруге мүмкіндік береді. «Менің идеям болашақта жер шарын энергетикалық аштықтан құтқаруға көмектеседі», - дейді ол сеніммен.

Өз жобасының үлгісін Ержан 24 мамырда Oskemen mini EXPO-2014 көрмесінде таныстырды. Көрнекті қазақстандық ғалымдар бұл туындыны бағалауға мүмкіндік алды.

Менің жел генераторым шетелдік қондырғылардан бірнеше есе тиімді. Жел қондырғылары немесе, ескіше айтқанда, жел диірмендері дүние жүзінде көп жылдан бері әрі Қазақстанға қарағанда анағұрлым белсенді қолданылып келеді, - дейді Ержан.

Оның туындысының түп төркіні мынада – үш қалақтан тұратын кәдімгі генератордан айырмашылығы - оның қалақтарының көптігінде.

- Менің «ТКЛЖГ»-ымның (тік көп қабатты левитациялық жел генераторы) көп қалағы бар, оның әрқайсысы басқалардан тәуелсіз айналады. Әрбір турбинада төрт қалақ болады және әрбір турбина басқалардан тәуелсіз энергия өндіретін болады.

...Ішінде қызмет көрсетуші қызметкерлерге арналған заманауи зәулім үйлердегідей жүрдек жеделсаты жүріп тұратын болады. Мазасыз шуылға әкелетін үйкеліс, вибрация болмас үшін әрбір турбинаның астында магниттік-левитациялық аспа болады.

ТКЛЖГ қайраңда теңіз түбіне бататын арнайы іргетасқа тұрғызылатын болады. Егер турбина сынса немесе екпіндеген жел соқса, әр турбинада өзінің тежеу жүйесі болады.ТКЛЖГ энергиясы жағалауға экспорттау желісі деп аталатын арнайы суасты желісі арқылы трансформатор стансасына түседі.

Қондырғыны салып болғаннан кейін қызмет көрсетуді жеңілдету үшін әрбір жекелеген жел турбинасында тікұшаққа арналған ұшу-қону алаңы болады. Тікұшақ алаңы қызмет көрсетуші қызметкердің жұмысын жеңілдету үшін қажет. Айталық, егер жел генераторында олқылықтар болса, инженерлер, механиктер немесе электриктер оларды жөндеу үшін тікұшақпен ұшып келе алады.

– Өте қызық екен, бірақ сізге ғалымдар не деді?

– Мен өнертапқыштармен, техника ғылымдарының докторы Николай БУКТУКОВПЕН және техника ғылымдарының докторы, электр энергетикасы саласындағы үлкен ғалым және практик Марат ҚАМБАРОВПЕН таныстым. Жалпы, олар қатты қызығушылық білдірді, мұқият тыңдап, кеңестер берді, бірақ осы жобаны жүзеге асыру үшін қаржы табу қиын болуы мүмкін деп қынжылыс білдірді. Маған жобаны жете зерттеуге көмектесетін пікірлестер: инженерлер, экономистер, энергетиктер керек... Бәрі дайын болған кезде бұл идеяны Ұлттық технологиялық даму агенттігінде көтеруге болады.

...Мен берілмеймін. Егер менің идеям жүзеге асса, онда Қазақстан қатарынан төрт санат бойынша: ең биік, ең қуатты, ең ауыр және ең қымбат тұратын жел генераторын салған ел ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енеді.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген автор

12 маусым 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.