Атырау, 12 желтоқсан 19:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 516.93
€ 542.52
₽ 4.98

Туроператор тұсалды

2 560 просмотра

Атырау көлік прокуратурасы қаржы полицейлерінің есептен жасырған қылмыстары бойынша қылмыстық іс қозғады.

2010 жылдың қазан айында қалалық азамат Мұзаппаров қаржы полициясына «Zhannat Travel Multi Sеrvice» туристік фирмасының директоры Қайрат Аманбаевтың үстінен шағымданған. Туристік оператор оған жалған әуе билеттері мен Түркия республикасындағы қонақ үйге ваучерлерді сатқан. Осылайша фирма оған жалпы көлемі 285 000 теңге болатын залал келтірген.

Айтпақшы, қаржы полициясына Аманбаевқа қарсы осындай шағымдармен бірнеше адам арызданған болып шықты. Осы шағымдардың негізінде «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алайда, дәл осы Мұзаппаровтың арызы жарты жыл бойына қағазбастылыққа салынып, ақыр соңында қылмыс құрамы жоқ деген сылтаумен қылмыстық істі қозғаудан бас тартқан. Сол аралықта Аманбаевты алты жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарылады. Бұдан басқа оған алданған клиенттердің ақшасын қайтарып беруді міндеттейді.

Көлік прокуратурасы Аманбаевқа қатысты «Алаяқтық» бабы бойынша тағы бір қылмыстық іс көтерді. Қаржы полицейлерінің атына заң бұзушылықты жою туралы ұйғарым жолданды.

Алайда, қаржы полициясындағылар көлік прокуратурасының шешімімен келіспейді. Баспасөз конференциясында Сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыстармен күрес департаменті тергеу басқармасы бастығының орынбасары Оралбек ЖҰМАҒАЛИЕВ қылмыстық іс сотқа кеткеннен кейін Аманбаевтың 285 мың теңгені өтегендігі, сол себепті екі тараптың ымыраға келуінен істің тоқтатылғандығын мәлімдеді. Мұзаппаров Аманбаевқа ешқандай талап қойып отырған жоқ.

Лев ГУЗИКОВ  

23 маусым 2011, 16:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.