Атырау, 11 қазан 16:41
 ашықВ Атырау +12
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Еңбекақы көшет көктесе ғана төленеді

3 518 просмотра

Облыстық әкімдікте облыстық мәсихат депутаттары,  жергілікті және сырттан келген көгалдандырушылар, мұнай компанияларының, оның ішінде шетелдік компания өкілдерінің қатысуымен кезекті үлкен мәжіліс болды.

Қатысушыларға тағы да жауыр болған бағдарламаның тұсау кесер рәсімін көрсетті, одан кейін отандық мұнай компанияларының бірнеше басшылары  мен ҮЕҰ өкілдері мақұлдау ниеттегі сөздерін айтып өтті. Облыстық биліктің пікірінше, бағдарламаны қаржыландыру жөніндегі негізгі шығындарды АМӨЗ ЖШС-мен бірге өз мойындарына алуға тиісті болғандарымен ТШО мен НКОК компаниялары тарапынан ешқандай мәлімдеме болған жоқ. Алайда, бұл компаниялар бөлінген қаржының тиімсіз жұмсалуынан қорғанғандарынан болар, әмияндарын ашуға асығатын емес. Өйткені, әңгіме көптеген миллион долларлар төңірегінде өрбіп отыр ғой.

АМӨЗ ұстанымын - «аз шығындану» арқылы шешуге болатындығын білдіреді, - деді «АМӨЗ» ЖШС директоры Талғат БАЙТАЗИЕВ. Ол жекелеп алғанда 3 мыңдай зауыт ұжымын қала көшелерінің бірін көгалдандыру үшін тартуға дайын екендігін мәлімдеді.

- Біз көшеттерді өз есебімізден отырғызамыз, ал, оны күтіп, суарумен мамандандырылған кәсіпорындар айналыссын, - деп мәлімдеді Байтазиев.

Ал, облыс әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ табиғат пайдаланушылардың күдігін сейілту мақсатында бағдарлама үшін бөлінген қаржыны облыстық әкімдік арқылы емес, арнаулы құрылған қор арқылы өткізу керектігін мәлімдеді. Қаржының жұмсалуы ашық түрде көрсетіледі. Сондай-ақ, көгалдандырушылар алдына талап қойды, олардың еңбегі жақсы  нәтиже бергенде ғана төленетін болады, яғни, олар отырғызған көшет өсіп кетуі керек. .

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

23 маусым 2011, 16:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.