Атырау, 26 қараша 20:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Пара түбі - жаза

2 881 просмотра

Қаржы полицейлері пара алды деп күдіктелген мектеп директорын ұстады.

Кеше брифингтеЭкономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыспен күрес департаменті директорының орынбасары Оралбек ЖҰМАҒАЛИЕВ хабарлағандай, 45 мың теңге сомасында пара алу кезінде №30 орта мектептің директоры ұсталған. Тергеу мүддесіне сай істің мән-жайы жария етілмейді.

Ал қалалық сот қаладағы колледждердің біріндегі директордың орынбасарының ісі қаралуда. Ол әлдебір азаматқа «шағын кемелердің кеме жүргізушісі» мамандығы бойынша курсты бітіргендігі туралы куәлікті бергені үшін 20 мың теңге алған деп айыпталуда. Ал әлгі адам оқымаған, емтихан да тапсырмаған. Ақшамен бірге мұғаліміне балық та беріпті.

Лев ГУЗИКОВ

23 маусым 2011, 16:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.