© МЧС УкраиныАСТАНА, 10 мау - Қазақстан жаңалықтары АА. Канададағы Жаңа Шотландия провинциясының Пикта округінде дүйсенбіде пропан газын тасымалдап келе жатқан тауарлық пойыздың алты вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлады Рейтер агенттігі жергіліктім полицияға сілтеме жасап.
Оқиға орнынан 2 шақырым радиустағы адамдар қауіпсіз жерге көшірілді. Эвакуацияланғандардың саны әзірге белгісіз, бірақ апат Стеллартон қаласынан 2 шақырым қашықтықта, тұрғындары аз жерде орын алғаны атап өтілген. «Газдың сыртқа жайылғандығы тіркелген жоқ, мамандар барлық құрамды тексеріп жатыр», - деп мәлімдеді жергілікті полиция өкілі Скотт Макрэй.
Апат кезінде пойызда екі адам болған - машинист және оның көмекшісі. Олар аман-есен.
Дереккөз: newskaz.kz