Атырау, 10 желтоқсан 22:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

«Мәліметтер нақты болуы тиіс»

4 099 просмотра

«АЖ»-та Н.Селянинованың «Ақиқатын айтайық» деген мақаласы жарық көрді. Онда: «ҚР Білім беру және ғылым министрлігінің зоология институтының және мемлекеттік «Ақ Жайық» резерваты орнитологтарының мәліметтері бойынша, Приморск каналының маңында Қызыл кітапқа енген құстар: қарабай, кішкене аққұтан, сыбырлақ аққу және т.б. құстар азықтанатын және ұя салатын жерлер бар екен. «Ақ Жайық» резерваты мониторингісінің мәліметтері бойынша, негізінен 2010 жылы Приморск каналында мекендейтін ондатр мен жанат тәрізді иттер саны 2 есеге азайған» делінген.

Бұл мәліметтер негізсіз. «Ақжайық» МТР ғылыми және мониторинг бөлімінің мамандарының мақұлдауын алмай тұрып мұндай тұжырымдар жасауға болмайды. Және жалпы резерват бойынша сүтқоректілердің (ондатр мен жанат тәрізді иттердің) саны туралы төрелік айту дұрыс емес. Оның үстіне авторға резерваттың 2010 жылғы мониторингтік ахуалы мен саны туралы мәліметті ешкім де ресми түрде берген жоқ.

А. Ивасенко, «Ақжайық» МТР ғылыми және мониторинг бөлімінің бастығы

23 маусым 2011, 01:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.