Атырау, 7 қазан 10:39
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

«Жобамыз экологиялық тұрғыда пайдалы»

3 299 просмотра

«АЖ»-тың 2 маусымындағы санында «Дөңгелек үстелдегі жекпе-жек» деп аталатын Жайық-Каспий Орхусс орталығында біздің компаниямыздың бастамасымен өткізілген «дөңгелек үстел» туралы мақала жарияланған еді. Біз Доссор поселкесіндегі күкірт терминалына байланысты бірқатар жайттарды айқындап, біздің кәсіпорынның айналасында қалыптасқан жағымсыз ақпарат легін өзгертуді мақсат етіп қойған едік. Мақалада айтылмаған «дөңгелек үстелдегі» біздің дәлелдеріміз туралы айтқым келеді.

 

1. Терминал күкіртті өндіру немесе өңдеу үшін пайдаланылмайды. Орама өндірісі боп табылады, яғни, жабық жылжымалы составпен ұзақ уақытқа қауіпсіз сақтау және тасымалдауды қамтамасыз ететін күкірт пен сусымалы минералды тыңайтқыштарды герметикалық полипропилен орамаға салып жоғарғы технологиялық бөлшектеп орау кешені боп табылады. Орама терминалында қолданылатын технологиялар мен жабдықтар Қазақстан Республикасының өз күшіндегі барлық экологиялық талаптарға жауап береді.

2. Біздің компания инвестициялар үшін жауап беретін Қазақстанның мемлекеттік органдарының бірімен жасалған инвестициялық келісім-шарттардың негізінде өз қызметін жүргізеді. Жұмыс істеген үш жылында 36 жұмыс орнын құрды. Қазақстанның экономикасына 4 400 000 АҚШ доллары инвестицияланды. Оның 89 588 483 теңгесі жергілікті халыққа еңбекақы түрінде, жергілікті және республикалық бюджеттерге салық түрінде тиісінше 10 121 122 теңге мен 16 452 225 теңге төленді. Біздің компаниямыздың бүкіл қызметкері қазақстандықтар. 2011 жылдың қалған мерзімі ішінде еңбекақы ретінде 38 538 042 теңге мен жергілікті және республикалық бюджеттерге салық ретінде тиісінше 8 806 545 теңге мен 41 760 000 теңге төлеуді жоспарладық.

3. Мақаладан тысқары қалған анағұрлым маңызды жайт: біздің компаниямыз орайтын күкірт Атырау облысынан және жалпы Қазақстаннан тысқары әкетіледі, яғни біздің жобамыз экологиялық тұрғыда пайдалы. Терминалды іске қосу күкіртті шетке шығаруды үш жыл ішінде 1 000 000 тоннаға дейін көбейтуге мүмкіндік береді. Алайда қазіргі кезде кәсіпорынның қауіпсіздігі қамтамасыз етілмегендіктен, біз өз қызметімізді толыққанды жүргізе алмай отырмыз.

К. Ыдырысбаев, «Доссор Процессинг Компани» ЖШС директоры

23 маусым 2011, 00:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.