Исатай ауданындағы қордаланып тұрған проблеманың бірі - білікті дәрігерлердің жетіспеуі.
Күні бүгін аудан он үш дәрігерге мұқтаж. Бірақ бұл мәселеде жергілікті билік те қол қусырып қарап отырған жоқ.
- Биыл бітіретін болашақ дәрігердің төртеуі осында келеді деп келісіп отырмыз, - дейді Исатай ауданының әкімі Бақберген ҚАРАБАЕВ. - Әрине, жас мамандарды баспана мәселесі қинайтыны сөзсіз. Қазірдің өзінде бір үй солар үшін алынып қойылған. Негізі былтыр үш ақ халаттының үй мәселесі шешілген болатын. Ауданда математик мұғалімдер жетіспейтіндіктен, былтыр соның екеуі келіп, оларға да үй берілді.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА