Көрнекі сурет.16 мамырда түн жарымда Құлсары қаласында атыс болды.
Құлсары қаласының тұрғыны С. №1 орта мектептің алдында тұрған Toyota Hilux автокөлігіне қарай шолақ мылтықтан оқ атқан. Бытыра оқ көлік жүргізушісінің арқа тұсына тиген. Сол кезде ол оқиға орнынан қашқан кезде С. аспанға қарата екінші рет оқ атады.
Жарақат алған көлік жүргізушісі аудандық орталық ауруханаға түседі. Ал қылмыскерді көп кешікпей полицейлер ұстайды. Жауап беру кезінде ол «пикап» жүргізушісін өзімен бұрын жанжалдасқан адамға ұқсатқанын айтқан.
Жылыой ауданы прокурорының орынбасары Жәнібек ҚАРАЖАНОВТЫҢ хабарлағанындай, ҚР ҚК-нің 257-бабының 3-бөлімімен («Азаматтарға қарсы денсаулыққа зиян келтіретін атыс қаруын қолданып бұзақылық жасау») қылмыстық іс қозғалған.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА