Атырау, 12 желтоқсан 08:52
 қар жаууы ықтималВ Атырау +1
$ 516.93
€ 542.52
₽ 4.98

Аттандық сапарға, көңілде мол арман

4 148 просмотра

Бүкіл Қазақстан бойынша мектеп бітіру кештері 20 маусымда болып өтті. Облыстық білім беру басқармасының мәліметтері бойынша, биылғы жылы Атырау облысының мектептерін 5010 адам бітіріп шыққан.

Бірнеше жылдан бері аймағымыз жалпықалалық мектеп бітіру кештерін Атыраудағы стадиондар мен алаңдарда әртістер шақырып, отшашулармен мерекелеп, салтанатты түрде өткізуден бас тартқан болатын. Бұл жолы да 20 маусымда қаладағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде ерекшеленген үздіктерді ресми марапаттау рәсімі өтті. «Алтын белгінің» 137 медалисі, үздік аттестаттың 59 иегері, халықаралық және республикалық пәндік олимпиадалардың 21 жүлдегері, сондай-ақ жоғарғы 125 балл жинаған бес түлек облыс әкімінен естелік сыйлықтар алды. Ал негізгі салтанатты рәсім кешке қалдырылды. Білім беру саласы шенеуніктерінің мектеп бітіру кештерін өз мектеп қабырғаларында атап өту керектігі туралы үнемі айтып келе жатқанына қарамастан, түлектер мейрамханалар мен сауықтыру орталықтарында ересектерше атап өтуді жөн көріпті. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

23 маусым 2011, 19:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.