– тақырыбымен Атырауда облыстық әкімдік пен ҚР Дін істері жөніндегі агенттігі бірлесе ұйымдастырған ғылыми-практикалық конференция өтті.
ҚР Дін істері жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Ерлан ӘБДАҚАСОВ өз сөзінде қоғамдағы этносаралық және діни конфессияаралық келісімді қамтамасыз етудің маңыздылығын айта келіп, бұл жолдағы дәстүрлі ханафит бағытының ерекше орнын атап өтті.
Әл-Азхар университетінің шейхы Мухаммед Джемаль ад-Дин ХАШИМ «терроризм» түсінігі исламға қайшы келетінін, экстремистік пиғылдардың діни сауатсыздықтан туындайтынын айтты. Шейх исламның дәстүрлі бағыты – ханафи мазхабы мен матруди ақидасын насихаттайтын Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасына ғылыми қолдау көрсетуге дайын екендігін мәлімдеді. Ол, сондай-ақ, мешіттерде жамағаттарды теріс діни көзқарастардан қорғау маңызды екендігін де айта кетті.
Қауіпсіздік бағдарламалары орталығының қорғаншылық кеңесінің төрағасы Ерлан ҚАРИН терроризмнің ғаламдық мәселелеріне тоқталып кетті. АҚШ Мемлекеттік департаментінің деректеріне сәйкес, 2000 жылдардың басында әлемдегі террористік актілердің жалпы саны 500-600 оқиғаны құрады, алайда 2005 жылы бұл сан күрт көбейді – жылына 10 мыңға дейін террорлық акті болады. 2013 жылы олардың саны 9 700-ге жетті. Бұлар көбіне Ауғанстан, Пәкістан, Сирия сияқты тұрақсыз елдерде болып жатыр. Саясаттанушы Қазақстандағы терроризм дамуының үш кезеңін айтып өтті: өзге елдерден қашып келген содырлар мәселесі туындаған бірінші кезең (90-жылдардың ортасы мен 2000 жылдың басы) – заңсыз әскери құрылымдардың мүшелері елімізден пана іздеді. 2006-2010 жылдар кезеңі – бұл кейбір азаматтарымыздың шетелдік насихатқа еріп, басқа елдердің аумағында террорлық актілерге қатысқысы келген «уағыздау кезеңі». Үшінші кезең – террористик ұйымдар Қазақстанның өзінде пайда болып, ел ішінде осындай акцияларды ұйымдастырғысы келген уақыт.
Е. Қариннің айтуынша, терроризм мәселесі өздігінен пайда болған жоқ.
–Біз 90-шы жылдардың басында басталған үдерістерге көңіл бөлген жоқпыз. Басқа елдер терроризм мәселесімен бізден бұрын кездесті және тиісінше өз шараларын қабылдады. Ал бізде «өзара тығыз байланысқан әлемде өмір сүреміз, бізге бұл індет келмейді» деген соқыр дәме болған шығар.
Қоғамда содырлардың басты нысаны құқық қорғау органдары қызметкерлері деген пікір қалыптасты. Алайда, Е. Қариннің айтуынша, соңғы жылдары болған терактілерден қарапайым азаматтық тұлғалар зардап шегіп жатыр. Бұл терроризмні қоғамдық қауіптілік тудыратынын тағы бір растайды.
Ғылыми-практикалық конференцияның қорытындысы бойынша Қатысушылардың жұртшылыққа жолдауы қабылданды.
Сауле ТАСБОЛАТОВА
Суретті түсірген автор