Атырау, 27 қараша 04:38
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Атырау Путинді қарсы алуға әзір ме?

1 938 просмотра

Фото: inform.kzФото: inform.kz16 мамырда Атырауда жұмыс сапарымен жүрген Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Михаил БОЧАРНИКОВ облыстық әкімдіктің Кіші залында жергілікті этномәдени орталықтардың өкілдерімен кездесті.

– Мамырдың аяғында Астанада Қазақстан, Ресей және Белоруссия президенттері кездескен кезде маңызды оқиға орын алуы тиіс. Еуразиялық  экономикалық одақ құру туралы келісімшартқа қол қойылуы тиіс, - деді елші. – Егер жыл аяғына дейін үш елдің парламенттері 2015 жылдан бастап күшіне ену үшін бұл келісімшартты ратификациялайтын болса, онда бұл біздің экономикалық интеграцияға өте салмақты қадам болмақ.

Біз биыл күзде қаламызда өтетін алдағы Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастық форумына дайындықтың қалай жүріп жатқанын көру үшін Атырауға Ресей Федерациясының Оралдағы Бас консулы Саид ЗАБИТОВПЕН бірге келдік. Осы кездесудің нақты уақыты әзірге талқыға салынуда. Президенттердің, үкімет мүшелері мен еліміздің өңір басшыларының мұндай кездесулері алғаш рет өткізіліп отырған жоқ, ол өзінің тиімділігін көрсеткен болатын. Облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВПЕН кездесу кезінде біз әлемнің ешбір жерінде мұндай форматта кездесу өтпейтіндігін анықтадық. Биылғы жылы да форумның бірқатар маңызды өзара тиімді құжаттарға қол қоюмен аяқталатындығына сенімдімін. Ол мұнай өндіруші саладағы жаңалықтарға арналатын болады.

Содан кейін М. Бочарниковсұрақтарға жауап бере бастады.

«Вайнах» шешен-ингуш ұлттық мәдени орталығының төрағасы Сейтамин АҚАЕВ:

Біз «одақта» өмір сүрдік, содан кейін бұл «одақ» тарады, қазір жаңасын құрып жатырмыз. Бізге бұл одақ қандай артықшылықтар әкеледі және оған қатысушылардың барлығының маңызы бірдей бола ма?

 – Біздің одақ тең құқықты болады. Қазіргі уақытқа дейін жүргізіліп келген бүкіл дайындық жұмыстары осы мәселеге арналады деуге болады. Одақ механизмдері - әрбір тарап өзінің ұлттық егемендігіне немесе құқығына қысым жасалалып отыр деп есептейтін жағдай болса, ортақ келісімнің негізінде мәселелерді шешуге қол жеткізуге құқығы болатындай етіп жасақталған. Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің басқарушы органы – Еуразиялық экономикалық комиссия – Еуразия экономикалық комиссия кеңесі тарапынан қатаң бақыланатын ұлттық функциядағы біздің интеграциялық процесстің басты басқарушы органы ретінде белгіленген. Бұл комиссия үш вице-премьерден тұрады. Олар үкімет басшыларының деңгейінде немесе президенттер деңгейінде жиналатын Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңеске шешім шығарады.

Маған «одақта» өмір сүріп кеткендігіміз туралы жиі естуге тура келеді. Бірақ тек батыс елдердің өкілдерінен ғана. Мен сіздерден сұрағым келіп отыр: Кеңес Одағына тән қандай белгіні біз жаңа экономикалық одаққа қолданып отырмыз - саяси басқару органдарына ма, жалпы парламентке ме, әлде сыртқы саясатқа ма? Мұның ешқайсысы жоқ. Ал заманауи әлемнің қандай интеграциялық бірлестігі осы белгілерге ие? Бұл Еуропа одағы. Батыс сыншылары ең алдымен өздеріне назар аударулары керек. Олар бізді неден сақтандырып отыр? Өздері жасаған нәрселерден бе?

«Возрождение» депортацияланған қырым болгарларының этномәдени орталығының өкілі Владимир СТАМОВ:

– Мен Қазақстанда дүниеге келдім. Үш балам бар, олар Қырымға көшіп кетті. Сол жерде маған тоғыз немере сыйлады. Мен одақтың құрылуына қарсы емеспін. Ол қажет. Менің мынадай сұрақтарым бар: осы одақ елдерінде тұратын адамдар үшін шекараны кедергісіз кесіп өтуге бола ма? Қазақстан азаматының жеке бас куәлігі Ресей мен Белоруссияның аумағымен кедергісіз жүруге құқық бере ме? Бір азаматтықпен үш мемлекетте өмір сүру қолайлы бола ма, әлде мен екінші азаматтық ала аламын ба? Бір айдан артық уақытқа – мәселен, жарты жылға дейін «одақтас» мемлекеттердің аумағында тіркеусіз тұру уақыты ұзартыла ма?

– Әрине, мұның бәрі осыған келе жатыр. Бірақ бұл кезеңде экономикалық мәселелермен шектелу ұйғарылғандықтан, көші-қон заңнамасына қатысты бұл мәселелер бірден өзгеріп кетпейді. Шекаралық, көші-қон мәселелері, білім беру мәселесіне қатысты барлық нәрсе осы кезеңдегі тараптардың келісімі бойынша келісімшарт мәтініне енгізілмейді. Келісімшарт біржолата жасалып біткенше шыдай тұрайық. Бірақ адамдардың байланысын жеңілдету де сол жерге енгізілуі керек деп ойлаймын. Бәрі бірден бола қоймайды ғой. Қос азаматтыққа ие болу мүмкіндігі елдердің – одақ мүшелерінің ұлттық заңнамасына байланысты. Қазақстандық заңнамада бұл жоқ. Бірақ сіздің тілектеріңізді жазып қоямын.

«Возрождение» депортацияланған қырым болгарларының этномәдени орталығының төрағасы Юрий КУСТАДИНЧЕВ:

– Еуразиялық экономикалық одаққа бірыңғай валюта енгізу жоспарланып отыр ма?

– Жоспарлануда деп айтуға болмас. Бірыңғай валютаны енгізу туралы мәселе тек ойда ғана бар. Қазір біздің елдер бірыңғай валюта енгізуге дайын емес. Он жылдан кейін не болатынын аман болсақ көрерміз.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

19 мамыр 2014, 11:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.