Атырау, 26 қараша 20:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

«Атыраудың» бас бапкері отставкаға кетпекші

3 061 просмотра

Кеше «Атырау» футбол командасының бас бапкері Рамиз МАММАДОВ жұмыстан кететіндігін мәлімдеді.

12-ші маусымда  «Атырау» ФК өз алаңында қостанайлық  «Тобылды» қабылдады және одан 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Бұған дейін Маммадовтың тәрбиенелушілері Астанаға барған сапарларында  да «Астанадан» 2:3 есебімен (матч республикалық телеарналардан тікелей эфирмен көрсетілді) ұтылған еді. Маммадов осы астаналық сапардан кейін-ақ, облыс басшылығымен арада болған әңгімеде өзінің бас жаттықтырушы орынынан кету жөніндегі ойын мәлімдеген болатын. Ал, 12 маусымда матчтан кейінгі болған баспасөз конференциясында команданың нашар жетістіктері үшін жанкүйерлерден кешірім сұраған бапкер бұл өзінің «Атыраудың» тәлімгері ретіндегі соңғы ойыны екендігін хабарлады.

Оның бұл өтінішінің қабылданған-қабылданбағандығы әзірге белгісіз.   Ресми емес ақпарат көздерінің хабарлағанындай, бүгін Маммадов облыс әкімімен кездесуі тиіс екен. 

Лев ГУЗИКОВ

16 маусым 2011, 17:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.