Атырау, 7 қазан 10:45
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Ұсталмаған ұры емес пе?

3 306 просмотра

Мақат кентінің тұрғыны хабарласып, жекеменшік дүкенінің қайта‑қайта тоналуы ығырын шығарғандығы жөнінде әңгімеледі.

Марта САРСАЕВА меншігіндегі «Дана» азық‑түлік дүкеніне әлдебіреулер тыным бермей отырғанын ашына айтты. Соңғы жылдары дүкені үшінші рет тоналыпты.

‑Былтыр мамыр, маусымда екі рет ұрлық фактісі тіркелгенімен полиция анық дәрменсіздік танытты. Әрқайсысында 300, 350 мың теңге көлемінде зардап шектік. Ал биыл дүкен тағы да тоналды,‑дейді Сарсаева.

Шынымен де жәбірленуші қайта‑қайта қиындыққа тап болып отырғанына түсінбей дал. Бір ғажабы, ұрылардың дүкенді бірнеше рет тонап, ұсталмауы мақаттықтарды қайран қалдыруда.

‑Бұл дүкен шынымен төрт рет тоналып отыр. Былтырғы ұрылар табылған жоқ. Кейде екі‑үш жылда қылмыскерлер табылып жатады. Ал Мақаттағы «Дана» дүкенін бақылауға алдық. Бір ғажабы, дүкенді үптеп кетуі түнде орын алатындықтан ұрыларды ешкім көрмеген болып шығады. Бірақ аталған дүкен жайы назарымыз болады,‑дейді облыстық ІІБ баспасөз хатшысы Гүлнәзира МҰХТАРОВА.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

15 маусым 2011, 21:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.