Сурет Wheels Brothers мотоклубының мұрағатынан алындыWheels Brothers мотоклубы www.live2ride.kz сайтының қолданушылары және Атырау қаласы авто қауымдастығының қатысуымен Қазақстан бойынша мотошеру өткізбекші, оған ықылас білдірген барлық адам қатыса алады. «Менің елім – Моя Страна» шеруі Қазақстанның 20 елді мекенін қамтиды.
Мотошеру 24 мамырда басталып, шамамен, 16 күнге созылады, ал жүріп өтетін жол жеті мың шақырымнан асады деп жоспарлануда. Қатысушылар Байқоңыр, Шымкент, Алматы, Астана және Шу сияқты қалалардың көрнекі жерлерін аралау үшін сол жерлерде бір-екі күн аялдамақ. Сонымен қатар, шерушілер колоннасына кез келген елді мекеннен жаңа қатысушылар қосыла алады – қалған жолды, әлде белгілі бір қашықтыққа дейінгі жолды жүріп өту үшін келгісі келе ме, бұл маңызды емес. Барлық белгіленген қашықтықты жүріп өткендер естелік сыйлықтарға ие болады.
– Акциямыздың негізгі мақсаты –еліміздің әр өңірінде тұратын жастар арасында достық қарым-қатынас орнату, белсенді демалыс пен саламатты өмір салтын насихаттау, – дейді Wheels Brothers клубының хатшысы Алексей ДАНИЛОВ. – Жолда фото және бейне түсірілімдер жүргізіледі және бұл кадрлардан деректі фильм жасалады. Көпшілігімізге бұл шеру өз елімізді ұшақ иллюминаторынан немесе пойыз терезесінен емес, өз көзімізбен көріп, етене араласуға керемет мүмкіндік береді.
Нақты ақпараттарды Wheels Brothers клубының www.wheelsbrothers.kz сайтынан, сондай-ақ, клубтың «Мой мир» әлеуметтік желісіндегі бетшесінен біле аласыздар
Тамара СУХОМЛИНОВА