Атырау, 5 қазан 13:40
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Тәжірибеден өтуші жастар нәпақасыз жүр

3 295 просмотра

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының аясында тәжірибелік жұмыстарға жіберілген жас мамандар қиын жағдайда қалды, олар өздеріне тиісілі еңбекақыларын ала алатын емес.

 

«Біздің кәсіпорында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен жіберілген жас мамандар - экологтар 4 сәуірден бастап еңбек етуде. Біздің оларға қояр еш талабымыз жоқ, олар бағдарламада көрсетілгендей күніне 6 сағат жұмыстарын атқарып жүр. Алайда, оларға тиісті еңбекақыларын кәсіпорын емес, мемлекет төлеуге тиісті. Бірақ олар сол тиесілі ақшаларын әлі күнге ала алмай жүр,-деп әңгімелейді «West dala» компаниясының кадрлар бөлімінің өкілі Асыл ТЕМІРТАСОВА. – Тәжірибеден өтуші жастарда, біз де қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласқанымызда олар әлдебір қаулының жоқтығына сілтеме жасап, тағы да күте тұруды өтінді». Міне, бірнеше ай болды, мамандар тегін жұмыс жасап келеді, түбінде ақшаларын аламыз деген үмітпен жұмысты тастап кетуге батылдары да бармайды.

«Міндетті түрде төленеді! Бюджетте оған ақша бар», - дейді қалалықжұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының міндетін атқарушы Мергенғали БЕЙСҚАЛИЕВ. Оныңайтуынша, бұған еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде жастар тәжірибесінен өтетін мамандар үшін еңбекақы төлеу туралы ереженің әлі күнге дейін бекітілмегендегі себеп болған екен. Биылғы жылы оны өтудің кейбір ережелері өзгерген: бұрын тәжірибеден өтуге 24 жасқа дейінгі түлектерді жіберген болса, енді 29 жасқа дейінгі мамандар да бара алады. Алайда, жас және тәжірибесіз мамандарды тек жеке кәсіпорындарға бір ғана талаппен, яғни, олардың жұмыс өтілі бір жылдан аспайтындай уақытпен жіберуге болады. Тәжірибеден өту мерзімі бұрынғыша сол 6 айды құрайды. Республикалық бюджет есебінен төленетіне ңбекақы мөлшері 20 мыңнан 26 мыңға дейін өсті. Ал, оның төленуі туралы ереже әлі күнге дейін бекітілген жоқ.

«Бұл мәселеге қатысты барлық мекемелер құлағдар, біз бұл туралы бірнеше рет жаздық, оның ішінде министрлік те бар. Шешімін күтіп отырмыз», - дейді М.Бейісқалиев. Бұл мәселе әзірге тек Атырауда ғана өзекті болып отыр, ал, басқа аймақтарда жастар тәжірибесі бағдарламасын жүзеге асыруға кештетіп кіріскен көрінеді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

15 маусым 2011, 21:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.