Атырау, 11 қазан 17:46
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Қинаған Қазақстан тарихы ма?

3 186 просмотра

Өткен жұма күні облыстық білім беру басқармасы ҰБТ-дің алдын-ала алынған қорытындылары бойынша есеп берді.

Биылғы жылы ұлттық тестілеуге Атырау облысынан мектеп бітіруші түлектердің жалпы санының (5 710)  88,2 % қатысты. Біздің түлектеріміздің орташа жинаған баллдары  86,37-ні (өткен жылы- 84,4) құрады. Өту балы болып саналатын 50 баллды жинайалмаған түлектеріміздің саны биыл екі есеге дейін өсті (өткен жылы 373 адам болса, биылғы жылы 657 болды). Облыстық білім беру басқармасы мұны мектеп бітірушілердің жалпы санының артуы мен және кейбір пәндердің сауалдарының қиындап кетуі мент үсіндіруге асықты. Жекелей айтқанда, бұл Қазақстан тарихы тапсырмаларына қатысты еді.

«Алтын белгіден» үміткер 157 түлектіңөз білімдерін дәлелдей алғандары 86%  (өткен жылы– 77%) болды. 61 адам үздік аттестатқа ие болды. Төрт мектеп бітіруші түлек 125 балл жинады, олар: Тасқын Тұқпатов, Нарыл Есенбаев, Айжамал Ерғазиева және Қайыржан Жаймұханов. Мектептер бойынша жоғары көрсеткішті Ж.Молдағалиев атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат (орташа балы-  115,4), қазақ-түрік лицейі (113,6), облыстық ұлттық гимназия (110,3), Ж.Досмұхамбетов атындағы лицей (106,47) көрсетті.

Лаура СУЛЕЙМЕНОВА

16 маусым 2011, 21:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.