Атырау, 24 желтоқсан 14:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Құлсарыдағы қарақшылық шабуыл

2 270 рет қаралды

Құлсары қаласында Газпром ықшам ауданындағы үй иесіне қарақшылық шабуыл жасалды.

Беттерін матамен жапқан екеу үйдің терезесін сындырып, ішке кірген. Олар үй иесін ұрып-соғып, ақша талап еткен. Бірақ, үйде ақша болмаған. Сол кезде қарақшылар әйелдің зергерлік бұйымдары мен ұялы телефонын алып, табандарын жалтыратқан. Кейін көп кешікпей оларды келесі күні полиция ұстаған.

- Екеуі де уақытша оқшауланған абақтыда отыр, - - дейдіЖылыой аудандық прокурорының орынбасары Жәнібек ҚАРАЖАНОВ. - Оларға ҚР ҚК 179-баптың 2-бөлігі «а, в, г» тармақтары бойынша («Қарақшылық, яғни бөтен мүлiктi ұрлау мақсатында адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша шабуыл жасау») қылмыстық іс көтерілді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

 

 

14 сәуір 2014, 09:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.