Атырау, 24 қараша 03:55
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«ЦОН» балалардың «ойын алаңына» айналды

3 307 просмотра

«АЖ» редакциясына Авангардтағы 2-ші ықшам аудандағы №23 «б» үйдің мазасы қашқан тұрғындары хабарласты. Осы үйдің шатырында таяу арада Халыққа қызмет көрсету орталығы болған еді.

- Қызмет көрсету орталығы көшіп кетті, ал ғимарат қалды. Бұл біз үшін проблемаға айналды. Сол маңның балалары ғимараттың бүкіл әйнектерін сындырып тастады, - дейді тұрғындар. – Балалар сол жерде күні бойына жүреді. Немен айналысып жатқандары белгісіз. Біз қайда шағымдансақ та, қаңыраған ғимараттың есігі бұрынғыша ашық тұрады. Құдай сақтасын, бір күні біреуді өлтіріп немесе өртеп жіберуі мүмкін.

…Бір кездері халық көп жиналатын ғимаратта енді өлі тыныштық орнаған. Терезелер мен есіктердегі әйнектер қираған. Сынықтары аяқ астында шытырлап жатыр. Еденде әлдебір бланкалар шашылған. Қағаз үйінділері мен сынған әйнек арасында қабырғадағы ақпараттық стендтер, жалюздердің үзігі жатыр. Шынымен де балалар ойнайтын жер емес екен. Бұрын осы жерде орналасқан халыққа қызмет көрсету орталығының директоры Мұрат САРМАҒАМБЕТОВ қойған сұрақтарымыздан ат-тонын ала қашып, облыстық әкімдіктен анық-қанығын білуге кеңес берді. Ал ол жерден ақыры түсінік ала алмадық. Облыстық әкімдіктегі кеңестердің бірінде Авангардтағы қызмет көрсету орталығының бұрынғы ғимаратына дағдарыс орталығын ашу жоспарланғаны айтылған еді.

Бұл жағдайды 23 «б» үйге қызмет көрсететін «Асыл Атырау» ПИК-інің төрағасы Серік СҮЛЕКЕНОВ өзінше түсіндіруге тырысып бақты:

- Иесіз қалған ғимарат туралы мәселені қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде көтерген едік. Алған ақпаратымыз бойынша, бұл жерде көші-қон полициясы, төлқұжат үстелі және жұмыспен қамту бөлімі орналасады екен. 1-ші маусымнан бастап осы жерде жөндеу жұмыстары басталуы тиіс көрінеді. Осы жөндеумен айналысатын мер-дігер компанияның өкілдері бір-екі рет келіп кетті. Өз тарапымыздан учаскелік инспекторға да хабардар еттік. Өзіміз де қарап жүрміз. Сол жерден бала-шағаны қуып жүретін белсенді тұрғынымыз бар, сол үнемі бізге көмектесіп тұрады. Ал өзіміз тәулік бойына күзет қоя алмаймыз.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

9 маусым 2011, 16:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.