Атырау, 24 қараша 03:20
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ақтаудағы ереуілшілерге полиция бөгет болды

2 822 просмотра

6 маусым күні Ақтау қаласының 26-шы мөлтек ауданындағы автостанса маңына «Қаражамбасмұнай» компаниясының бірнеше жүздеген қызметкерлері жанұяларымен бірге жиналған болатын.  Олар қамауға алынған  30 әріптестерінің  ісі бойынша әкімшілік соттың шешімін күткен еді. 

5 маусым күні Ақтау қаласының орталығында ереуілшілердің шеруі болды. Олар облыстық әкімдік ғимаратына баруды көздеді, алайда олардың жолын полиция бөгеді. Ереуілшілер жолды жауып тастауға тырысқан кезде оларды полиция қуып, 30 адамды ұстап әкетті. «Ақтау» тәуелсіз кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Мұхтар ҮМБЕТОВ былай деп хабарлады, 6 маусым күні кеште барлық ұсталғандар босатылды.

- Әкімшілік сот оларға қоғамдық тәртіпті бұзғандары үшін айыппұл салды. Олардың жағдайы жақсы. Полиция учаскесінде оларды ешкім ұрып-соқпаған. Ол адамдар қазір автостанса маңында ереуілге шыққан әріптестеріне қосылды,-дейді М.Үмбетов. Ол сондай-ақ, прокуратура өкілдерімен бірге наразылық белгісі ретінде дене мүшесіне зақым келтірген екі ереуілші жатқан ауруханада да болғандығын айтты..

- Олардың өміріне қауіп жоқ. Оларға медициналық көмектер көрсетілуде.

- Сіздің ойыңызша, осынау ұзаққа созылған еңбек дауы қашан бітпекші, оның басталғанына міне, үш апта уақыт болды ғой.

– Жағдай тығырыққа тірелді. Компания өз дегенінен қайтпай отыр. Ал, оған жауап ретінде ереуілшілер ең соңғы амалдарды қолдануға дейін барып жатыр, тіпті, өздерінің денелеріне зақым келтіруде. Мен ерте ме, кеш пе тараптар келіссөздер үстеліне отырады деп ойлаймын.

М.Үмбетовтің айтуынша, сұхбаттың басталуы туралы әлдебір уағдаластық бар көрінеді, алайда, әзірге әңгіме тек алдын-ала болатын келіссөздер туралы ғана болып отыр.

Азамат МАЙТАНОВ

Сурет С.Тойкеннің қорынан алынды

9 маусым 2011, 16:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.