AZATTYQ.ORG. «Украин солдаттары Қырымнан кетер-кетпесін білмейді» -Қырымдағы украин солдаттары не үй-жайын тастап, Украинаға көшеді, немесе Ресей азаматтығын алады. Украинаға барғанда, оларға үкімет жағдай жасай ма? Қалған күнде Ресейдің маңдайынан сипауы екіталай.
«Депортация үрейінен арылмаған халық» - 1944 жылы 200 мың Қырым татары жүк пойызына тиеліп, жат елге айдалды. Енді Қырым Ресейге қайта қосылған соң, олардың көбі қудалау қайта бастала ма деп қорқып отыр.
«Сотталған жаңаөзендіктердің қамау шарты жеңілдеді» - «Жаңаөзен ісі бойынша сотталған екі азаматтың Ақтаудағы қоныстандыру колониясына ауыстырылғанын колония басшылығы Азаттыққа растады. Туыстары олар туралы айтуға сақсынады.
«Жандосов: “Батыстың санкциясы қазақ мұнайын шектемейді”» - Экономист Ораз Жандосов Азаттыққа берген сұхбатында «Қырымды бөліп алғаны үшін Батыстың Ресейге салатын санкциясы күшейсе де, Қазақстан көп зардап шекпейді» дейді.
«Оппозициялық ұйым «заңсыз ақша» туралы қылмыстық іске ілікті» - «Аман-саулық» үкіметтік емес ұйымының жуырда тұтқындалған қызметкері қамаудан шықты. Бірақ «заңсыз жолмен келген ақшаны пайдалану» туралы іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.
ALASHAINASY.KZ. «Әлеуметтік желілердің әлегі басым болып тұр» - Жалпы, қазір жер шарында ғаламтор арқылы келетін «дұшпандарға» жұдырық ала жүгірушілер қатары өте көп.
«Тексермейміз деп уланып жүрмейік...» - Шағын және орта бизнестің ел экономикасында алатын орны аса маңызды. БҰҰ мәліметіне қарағанда, әлем бойынша шағын және орта кәсіпорындар еңбекке қабілетті халықтың 50 пайызын жұмыспен қамтып отыр.
«Ауылдағы әжелеріміз "гәпіріп" жүр» - ... расында қайда кеткен? Қалаға кетіпті. Қызының үйіне. «Қыдырып па?» дерсіз. Жоқ. Біржолата қоныс аударып... Ауылдың ажарын ашатын әжелер бүгінде көрінбейді.
AIKYN.KZ «Қатерлі дерт ем мен дем» - Халқымызда «Денсаулық – зор байлық» деген қанатты сөз бар. Бұл ертеде айтылса да мәні мен маңызын әлі күнге жойған жоқ. Қайта бүгінгідей жаһандану дәуірінде осы сөздің сырына тереңірек үңілетін болдық. Өйткені ас көбейген сайын сантүрлі ауру түрі де асқынып барады.
TURKYSTAN.KZ. «Қазақстанның солтүстігіне 300 мың қазақ көшірілмек» - Қазақстан халқы бұл жаңалықтан бейхабар. Десе де шығыс көршіміздің дереккөздеріне сенсек, қызмет көрсету саласы бойынша елімзге 200 мың адамның күші қажет екен.
QAZAQUNI.KZ «Путин Ресейдің түбіне жете ме?» - РФ-ның қазіргі халі мүшкілденіп, болашағы бұлыңғырлана түскендей. Ресейдің Украин жеріне жасаған жорығының көздегені экономикалық қана емес, стратегиялық басқару жүйесінің шеңберін кеңейтіп, империялық (отаршыл-әкімшілік) мемлекеттік аппаратының бір бөлігін құру пиғылынан туындаған басқыншылық қадам.
«Ресей АҚШ бизнесіне қарымта санкция енгізуі мүмкін» - Ресей парламентарийі АҚШ бизнесіне қарсы қарымта санкциялар әзірлеп жатыр деп жазады “Известия”. Тиісті шаралар қабылдау мәселесі РФ Мемлекеттік думасы мен Федерация кеңесінде талқыланып жатыр.
В Атырау +4