Астана. 17 наурыз. Baq.kz – Осыдан он шақты күн бұрын әуеде жоғалып кеткен малайзиялық ұшақты іздестіруге 25 елдің құтқарушылары атсалысып жатыр. Қызығы сол, ұшқыш диспетчерге қандай да бір ақаудың бары жайында хабарламаған. Алайда, ұшақ әуеге көтерілген сәтте-ақ оның байланыс жүйелерінің бірі істен шыққан дейді мамандар.
Осы жайттан кейін тәртіп сақшылары аталған оқиғаға пилоттардың қатысы барына сенімнің арта түскендігін айтты.
Қазіргі таңда оны іздеуге Орталық Азия елдері де атсалыса бастады. Тергеушілер осы мемлекеттердің барлығынан радар мәліметтерін сұратып жатыр.
Сонымен қатар, тәртіп сақшылары Бойнгті тізгіндеген екі ұшқыштың да үй-ішін тінтіп шықты.
Дереккөз: baq.kz
17 наурыз 2014, 09:59
Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.
Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.