Атырау қаласының прокуратурасы балабақшалардағы санитарлық нормалардың, еңбек заңнамалары мен Білім туралы заңның орындалуына кең көлемді тексеру жүргізуді бастады. Қазірдің өзінде екі балабақшадан ішек таяқшасы табылды.
Ең алғаш болып №1 авторлық мектепке дейінгі гимназия, №5 «Аққу», №6 «Гүлдер» балабақшалары, №8 «Ақбота» шипажайлық үлгідегі балабақша және №9 «Әлия» балабақшасы тексерілді.
– №1 авторлық мектепке дейінгі гимназия мен №8 балабақшада ішек таяқшасы бактериялары табылды, – деп хабарлады Атырау қаласы прокурорының орынбасары Владимир МАЛАХОВ. – Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарды және осы балабақшалардың қызметі дезинфекциялау жұмыстары аяқталғанша тоқтатылды.
Сондай-ақ, мектеп жасына дейінгі мекеме қызметкерлері міндетті медициналық байқаудан уақытында өтпейтіндіктері анықталды. Осы үшін 84 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды (№1 АМДГ-де 25, , №8 балабақшада 51 және №5 балабақшада 8 адам).
– Отбасында туберкулезбен ауыратын адамдар бар балаларға арналған №8 шипажайлық үлгідегі балабақшада тәрбиеленушілер Кох таяқшасына қарсы иммунитетті арттыратын дәрі ішеді. Тексеру барысында ол жерде сақталып жатқан дәрілердің кейбірінің сақтау мерзімі асып кеткендігі анықталды, – дейді В. Малахов. – Сонымен қатар, осы мекеменін диета жөніндегі медбикесі сертификаты болмаса да, заңсыз клиникалық қызметпен айналысқан.
Тексерулер жалғасуда. Жыл соңына дейін облыс орталығының барлық балабақшалары қамтылады деп жоспарлануда.
Анастасия ПАСТУХОВА