Атырау, 26 қараша 20:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қашаған: Робот бір тонна дизель отынын төкті

2 917 просмотра

Біз Қашаған мұнай құбырына интеллектуалды құралмен диагностика жүргізген кезде тұрбаның жарылғандығын хабарлаған едік Тесік тұрба әсері»). Бірақ сол кезде NСОС-тың баспасөз хабарламасында «азғана мөлшерде дизель отыны» төгілді деп хабарланса, енді әңгіменің бір тонна туралы болып отырғандығы анықталуда.

NCOC робот-қырғышпен мұнай құбырына биылғы жылдың 11 қаңтарында диагностика жүргізген болатын. Өнеркәсіптік тұрба құбырының жалпы ұзындығы 94 км құрайды. Дизель отыны тұрбаның ұзына бойына емес, тек белгілі бір бөлігіне құйылған. Төгілген дизель отынының жалпы көлемі 1 200 литрді құрады. Осы бөліктің ішіне диагностикалық снарядты орналастырып, D аралы жақтан бастап ұзына бойы газдың қысымымен айдап шығара бастады.

«Болашақ» зауытынан (Қарабатан) 3 км қашықтықта тұрбаның пісіру тігісінің маңынан шытынаған жер пайда болып, одан бүкіл 1 200 литр дизель отыны төгілді.

Нәтижесінде ластанған топырақтың жалпы көлемі 1 500 тоннаны құрады, ол NCOC-тың күшімен 14-18 қаңтарда жойылды, - дейді облыстық экология департаментінің бастығы Ербол ҚУАНОВ. – Бүгінде біз шытынауға не себеп болғандығы туралы ресми жауап күтіп отырмыз. Шетелдік компания зертханалық талдау жасауға тиіс болатын.

Естеріңізге салсақ, бұдан бұрын NCOC баспасөз қызметі осы оқиға туралы баспасөз хабарламасында хабарлаған болатын: «2014 жылғы 11 қаңтарда жүргізілген диагностикалық құбырішілік снарядпен тексеру барысында мұнай құбырының «Болашақ» МГКДҚ-ға жақын жер үсті учаскесінде аз мөлшерде дизель отыны табылды. Төгілген жер топырағы алынып, сәйкесінше құбыр желісінің учаскесі оқшауландырылды және отынның пісіру тігісінен кеткені расталды».

Мемлекеттік экологтар мен оператор компанияларда отынның кету көлемі едәуір алшақ. 

50-60литрболса ғана азғана мөлшер деуге болады, - дейді экология департаментінің мамандары. – Ал, бұл жерде 200 литрлік алты бензин бөшкесі төгілген деп есептеуге болады.

Қуановтың айтуынша, бұл жағдайда, экологиялық айыппұлдың жанама емес, тікелей әдісі қолданылатын болады:

Жанама әдіс – зиянды ақшалай түрде қалпына келтіру. Ал бұл жағдайда әңгіме ластанған топырақ туралы болып отыр. Оны компания өз күшімен жойды. Енді оның орнына ол топырақты қалпына келтіріп, қоршаған ортаға зиянның қалпына келтірілгенін зертханалық әдіспен дәлелдеуі тиіс, - дейді Қуанов.

NСОС баспасөз қызметі хабарлағандай, өндірісті жалғастыру уақыты қажетті жөндеу жұмыстарының көлеміне байланысты болмақ. Мұны TWI жүргізген болаттың шытынау себептерін зерттеу нәтижелері және тұрбаны диагностикалық тұрбаішілік құралмен тексергеннен кейін алынған мәліметтерді зерттеу нәтижелері белгілі болғаннан кейін ғана бағалауға болады.

Осылайша, мұнай өндіру басталмай жатып, бірнеше әжептәуір техникалық оқиғалар жөнінде әңгіме жүріп жатыр.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

3 наурыз 2014, 11:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.