Атырау, 22 желтоқсан 17:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Экс-әкiмнiң iсi

Айыптаушы Бергей Рысқалиевқа 17 жыл, інісі үшін 16 жыл қатаң жаза сұрады Экс-әкiмнiң iсi

Айыптаушы Бергей Рысқалиевқа 17 жыл, інісі үшін 16 жыл қатаң жаза сұрады

Өткен жылдың қазан айынан бері Атырауда «Бергей Рысқалиевтың ҰҚТ ісі» бойынша сырттай  өтіп жатқан сот процесінің жарыссөзі барысында прокурор Досбол БАҒЫТЖАНОВ: Бергей РЫСҚАЛИЕВҚА - мүлкін тәркілеумен және «Парасат» орденінен айырумен қатар ең жоғарғы қауіпсіздік мекемесінде 17 жылға бас бостандығынан айыру, Аманжан РЫСҚАЛИҒА - мүлкін тәркілеумен қатар 16 жылға бас бостандығынан айыру, Рүстем ӘЛБАҚАСОВҚА - мүлкін тәркілеумен қатар 16 жылға бас бостандығынан айыру, Айбат СҮЛЕЙМЕНОВКЕ - мүлкін тәркілеумен қатар 10 жылға бас бостандығынан айыру, Ерболат ІЗБАСАРҒА - мүлкін тәркілеумен қатар 10 жылға бас бостандығынан айыру, Артем ДАНЕВИЧКЕ - мүлкін тәркілеумен қатар 10 жылға бас бостандығынан айыру, Мұрат ЖЕЛДІБАЕВҚА - мүлкін тәркілеумен қатар 8 жылға бас бостандығынан айыру, Нұрлан ЖҰЛМАҒАМБЕТОВКЕ - мүлкін тәркілеумен қатар 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Сурет Бейнежазба 16 қаңтар 2019, 22:12 6 726 рет қаралды
Атырауда Бергей Рысқалиевқа қатысты сырттай сот процесі басталды Экс-әкiмнiң iсi

Атырауда Бергей Рысқалиевқа қатысты сырттай сот процесі басталды

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ескі редакциядағы ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше баптары, соның ішінде, 235-бабы («Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оны басқару, қылмыстық қоғамдастыққа қатысу»), 176-бабы («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету), 193-бабы («Қылмыстық жолмен алынған ақшаны немесе өзге мүлiктi заңдастыру») бойынша айыпталушы Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ, оның інісі Аманжан РЫСҚАЛИҒА, күйеу баласы Рүстем ӘЛБАҚАСОВҚА және тағы 6 фигурантқа қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау өткізілді. Сурет Бейнежазба 4 қазан 2018, 10:14 8 078 рет қаралды