Атырау, 17 мамыр 11:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Барлық жаңалықтар

Басқа жаңалықтар

Қысқа қайырғанда

Сенбі күні кешкісін Ресей шекарасында полицейлер «Тойота» автокөлігінің жолаушысын тексеріп, сөмкесінен 93 дана киік мүйізін тапқан. ҚР Қылмыстық Кодексінің 183-бабы (көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату) бойынша қылмыстық іс қозғалды. 2 желтоқсан 2011, 14:49 1 835 просмотра
Бортмеханик Ингильдиевтің ерлігі Қоғам

Бортмеханик Ингильдиевтің ерлігі

…1935 жылдың қарашасында Гурьевтің үстінде бұрын соңды  ешкім көрмеген үш құс пайда болды. Дәп бір қанатын кеңге жайған, арқасында екі метрлік қабыршақты, тісті аллигаторға ұқсас әлдебір ұшатын алып қолтырауын дерсіз! Оның жасыл бүйірінде де, қанатында да «Крокодил» деген жазулар бар. Қаланың үстімен үш рет айналып ұшқан ұшақтар аэродромға қонды. 11 мамыр 2011, 19:11 3 150 просмотра
Көп балалы жас жанұяда қонақта Қоғам

Көп балалы жас жанұяда қонақта

Жақында менің сұхбаттасушымды ешқандай да пикет ұйымдастырмаса да облыстық әкімдік үйіне кіргізбеген. «Ақ үйдің» күзетшілері өз алдарында тұрған жас әйелдің алты баланың анасы екендігіне көпке дейін сене қоймаған. 11 мамыр 2011, 18:47 7 775 просмотра
Қоғам

«Шаңырақтағы» кісі өлімі: «Оны осы жағдайға жеткізді»

«Шаңырақ» вахталық поселкесінде наурыз айында орын  алған өз-өзіне қол жұмсау оқиғасының егжей-тегжейі анықтала бастады. Марқұмның отбасы Атырау облысының құқыққорғау органдары мен ҚР Бас прокуратурасына арыз жазып, қылмыстық іс қозғауды талап еткен еді. 4 мамыр 2011, 18:56 3 509 просмотра
Қоғам

Намаз және «времянка»

Қызылқоға ауданындағы Миялы ауылында тұратын  көп балалы отбасы үйлерінің апатты жағдайда тұрғанына шағымданады. Аудан әкімі мәселеге алақан жайып отыр, себеп-ақша жоқ. Дегенмен ауданның ресми сайтындағы мәлімет тек 2010 жылдың бірінші жартысында тұрғын-үй құрылысы саласында  негізгі капиталға салынған инвестиция  көлемі – 4349,0 млн. теңге, яғни, 2009 жылдың салыстырмалы мерзімімен 2,5 есеге  артқанын көрсетті. 4 мамыр 2011, 16:44 3 340 просмотра
Жұлдызқұрттардың жоғалуында гәп бар, немесе Атырауды метасеквойя құтқарады Экология

Жұлдызқұрттардың жоғалуында гәп бар, немесе Атырауды метасеквойя құтқарады

Атыраудағы көгалдандырудың кешенді бағдарламасы туралы мақала жарық көргеннен кейін («АЖ» №16,  21-сәуір 2011 ж. - «Көгалдандыру бағдарламасы түнгі ауаны тазарта ала ма?») редакцияға түрлі сұрақтар мен күмәнді ескертулер айтылған қоңыраулар көптеп соғылды. Жасыл-желекке малынған Атырау туралы арманға бей-жай қарағандар кемде-кем шығар. Алайда, көгалдандыру бағдарламасы авторларының пікірінше, бұл аз. Ең бастысы - әрекет ету қажет. 4 мамыр 2011, 16:32 5 877 просмотра
Төремұрат маң даланы малға толтырғысы келеді... Қоғам

Төремұрат маң даланы малға толтырғысы келеді...

Махамбет ауданына қарасты Аққайың ауылының шаруасы Төремұрат ҚАЛИЕВ үкіметтен қолдау мен көмек күткелі қашан... Қолдағы бар шаруасын дөңгелентіп отырған шаруагер отбасы мал басын көбейтуді көптен армандаумен‑ақ жүр. 4 мамыр 2011, 20:50 2 995 просмотра
Алқа билер соты: кино және өмір ақиқаты Қоғам

Алқа билер соты: кино және өмір ақиқаты

Күндердің күнінде атыраулық бір жігіт көршісінің есігін қағып, содан соң оны өлтіріп, барлық бағалы заттарын алып кеткен. Кейінірек анықталғандай, кәмелетке толмаған бозбала өзінің кәмелеттік жасын керемет қып тойлағысы келген екен. Алқа билер жылы шырай танытар деп үміттенген айыпталушы соттың осы түрін таңдапты. 12 бейтаныс жан шынымен де оның сенімі мен оның өзін ақтап шыққан. Рас, іс қайта қарауға жіберілген. Қалай дегенмен де кісі өлімі орын алды ғой. Екінші рет жігіт тағы  алқа билер сотын таңдайды. Бұл жолы ол 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын алды. 4 мамыр 2011, 15:23 3 996 просмотра
Сегіз жылғы сергелдең Қоғам

Сегіз жылғы сергелдең

Индер ауданының түлектері Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) тапсыру үшін биыл тағы да 140 шақырымдағы Махамбет селосына баруға мәжбүр. Бұған ата‑аналар қанша қарсылық білдіргенімен сегіз жылдан бері бұл мәселеге билік басындағылар көзжұмбайлық танытуда. 4 мамыр 2011, 16:48 3 642 просмотра
Басқа жаңалықтар

Бір абзацпен

Мереке алдындағы «Құқық тәртібі» операциясының барысында полицейлер ескі базар ауданында шағын наубайханада заңсыз жұмыс жасайтын Өзбекстанның 6 азаматын ұстады. «ҚР аумағына келу тәртібін бұзғандары үшін олар елден шығарылатын болады, ал, кәсіпкердің шетелдік жұмысшы күшін жұмысқа тартуға рұқсаты болмаған»,-деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі. 4 мамыр 2011, 18:54 2 171 просмотра
Қоғам

Өндірісте қиылған өмірлер

Халықаралық еңбек ұйымының бағалауы бойынша жыл сайын өндірістік зақымдар мен аурулардан 2,5 млн. адам қайтыс болады екен. Қазақстанда өндірістік зақымнан 2009 жылы 346 адам, 2010 жылы 363 адам қаза болған. Атырау облысында 2010 жылы 60 қайғылы оқиға орын алып, 8 адам қаза болған, 57 адам жарақат алған. Бұл цифрлар Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған семинарда айтылды. 4 мамыр 2011, 15:48 2 898 просмотра
Сталинді пір санаған Басқа жаңалықтар

Сталинді пір санаған

Иосиф Сталинді пір санайтындар әлі де бар. Әсіресе, екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылар немесе тылда еңбек еткендер «көсемге» тіл тигізгендерді ашық жақтырмайды. Индер ауданы Аққала селосының тумасы Қабден Жаймақов қарт көсемнің бюстісін өз ауласының төрінде «ұстап» отыр. 4 мамыр 2011, 16:24 3 696 просмотра