Атырау, 19 сәуір 15:47
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

«Балықшылар» құтқарылды

2 194 просмотра

5-мамырда құтқарушылар апатқа төзген балықшыларды құтқарып қалды.

Бізге облыстық ТЖ департаменті хабарлағандай, оқиға туралы хабар шекара қызметінің кезекші бөліміне түскен. Теңізде келте байда қайығымен жүрген үш адам апатты жағдайда қалған. Бұл туралы барлық қазақстандық және ресейлік түрлі қызмет ведомствалары хабардар болған.

Кейін анықталғанындай, қайық қозғалтқышының бұрандасы сынып, содан қайық бір орында екі тәулік бойы қалқып тұрып қалған. Шекарашылар адамдарды құтқаруға тырысқан, алайда, ауа-райының қолайсыздығынан тікұшақтың бортына тек бір адамды ғана отырғызуға мүмкіндік болды. 5 мамыр күні кешке Қашағанның құтқарушы-мұнайшылары қалғандарын іздеп тауып, құтқарып алған.

Лев ГУЗИКОВ

11 мамыр 2011, 17:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.