Атырау, 26 сәуір 23:46
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Қарақшы абақтыға қамалды

3 152 просмотра

Мақат кентіндегі халық банкіге шабуыл жасаған қарақшы ұсталып, тоғыз жылын түрмеде өткізетін болды.

Анығырақ айтқанда, сот үстінде С. Кушенов өзі айтқандай тұратын үйінің артынан ұңғысы мен дүмбісі кесілген мылтық пен 4 дана 16 калибрлі оқ дәрілері салынған полиэтилен пакетін тауып, сарайына тығып қояды. Қару қолына тигеннен кейін оның ойы сан‑саққа жүгіріп, қарақшылықпен мол ақшаға кенелуді ойлайды. Сөйтіп 2010 жылдың 23 тамызында «Қазақстан халық банкінің» Мақат кентіндегі филиалына шолақ мылтығын кезеніп, бетіне бетперде киіп, қарақшылық шабуыл жасайды. Бірден күзетшіге мылтық кезеп, кассирлерге «мына адамның өмірі сендердің қолдарыңда» дегізе қорқытып, ақша талап етеді. Ойламаған жерден қарақшыға тап болған кассирлер банктегі 802 мың теңгені оның ұсынған пакетіне салып береді. Бұл кезде ол қолы жоғары көтерулі күзетшінің белдігіндегі бес атарлы револьверді тартып алып, бой тасалап қашып кеткен болатын.

‑ Осы қылмысқа қатысты күдікті сол жылдың қазанында Алматы қаласынан ұсталған болатын. Тексере келгенде оның қалтасынан банктегі күзетшіден тартып алынған револьвер тауып алынды. Сөйтіп Кушеновтың үстінен ҚР ҚК 179 бабы 3 бөлігі «в» тармағымен, 251 баптың 1 бөлігі бойынша қылмыстық іс көтеріліп, тергелді. Жуырда аудандық сот қылмысы мойнына қойылған Кушеновке тоғыз жылға бас бостандығынан айыру үкімін оқыды. Үкім заңды күшіне еніп, оңай олжаның соңы қарақшыны темір тордан бір шығарды,‑дейді Мақат ауданы прокуроры Жұбан ҚАДЫРОВ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА.

4 мамыр 2011, 15:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.